Зарина Райфова - «Grand Prix» турнирінің қола медаль иегері

20:27 | 09 сәуір 2017

Дзюдодан Анталияда өтіп жатқан халықаралық «Grand Prix» турнирінің үшінші күнінде Қазақстан құрамасынан 8 дзюдошы татамиге шығып, Зарина Райфова 78 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленді.

Зарина Райфова алғашқы белдесуінде Израиль спортшысы Майерсон Ярденьге жол бергенімен, жұбаныш белдесуінде түрік қызы Гюзельсой Жагриді вазари ұпайымен ұтып, жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Шешуші сында өзбекстандық Кумуш Юлдашеваны вазари ұпайымен жеңіп, қола медаль алды.

Қазақстан ұлттық құрамасы қазірше 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен жалпы командалық есепте 1 орында тұр.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар