Grand Prix Antalya. Максим Раков финалға шықты

18:20 | 09 сәуір 2017

Дзюдодан Анталияда өтіп жатқан халықаралық «Grand Prix» турнирінің үшінші күнінде Қазақстан құрамасынан Максим Раков (-100 кг) финалға шықса, қыздарымыздан Зарина Райфова (-78 кг) мен Альбина Амангельдиева (-78 кг) қола медаль үшін күресетін болады.

100 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз Максим Раков жартылай финалда Ресей спортшысы Нияз Ильясовты қосымша уақытта вазари ұпайымен ұтып, финалға шықты. Финалдағы қарсыласы ресейлік Адлан Бисултанов болмақ.

78 келіге дейінгі салмақта татамиге шығатын қыздарымыз Зарина Райфованың жұбаныш белдесуінде қарсыласы өзбекстандық Кумуш Юлдашева болса, Альбина Амангелдиева қола медаль үшін португал қызы Рамирез Яхимамен белдеседі.

Финалдық кездесулер Астана уақытымен сағат 20.00-де басталады. Тікелей эфирде "KazSport" арнасы көрсетеді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар