​Конфедерация ШҚО әкімдігімен келіссөз жүргізді

02:47 | 02 қараша 2013

«Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы» ФҚ Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен келісімге қол жеткізді. Қол қою шарасына Конфедерация төрағасы Тимур Құлыбаев пен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Қазіргі таңда Конфедерация мен Конфедерацияға демеуші мүшелер – «Қазақстанның бокс федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің бастамасымен екі әмбебап дене шынықтыру және сауықтыру кешендерінің құрылысы қолға алынды. Аталмыш нысанда бокс, күрес, дзюдо, таэквондо, ауыр атлетикамен шұғылдануға жағдайлар жасалынады. Заманауи үлгідегі спорттық кешендер Семей (Шығыс Қазақстан облысы) мен Түркістан (Оңтүстік Қазақстан облысы) қалаларында бой көтереді.

Айтулы жобаларды жүзеге асыруға жергілікті атқарушы биліктердің де ықпалы зор. Меморандум аясында, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін Конфедерация аталмыш нысанды спорттық жабдықтармен қамтамасыз етіп, бокс, дзюдо, таеквондо, спорттық күрес және ауыр атлетикадан спорттық үйірмелердің ашылуын қадағалайтын болады. Сондай-ақ, білікті мамандардың құрамын бекіту басты назарда. Құрылыс құжаттамаларын уақытында тапсыру және қалалық инженерлік желілерге қосу мәселелерін әкімдік өз құзіретіне алды. Бұған қоса, әкімдік тиісті бюджеттік бағдарламарға сәйкес нысандарды қалыптастыру және бюджеттік қамтамасыз ету жауапкершіліктерін қамтиды.

Белгілі болғандай, спорттың дамуына қарқынды үлес қосатын маңызды факторлардың бірі – резервтегі ұлттық құрама командалардың дайындықтарына тікелей әсер ететін спорттық нысандар. Осындай дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің бой көтеруі, сөзсіз, қазақстандық спортшылар жеңісінің кепілі болмақ. Бұл аймақтардағы дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз етіп қана қоймайды, сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың артуына мүмкіндік береді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар