Азиз Қалқаманұлы - Гран При турнирінің қола жүлдегері

20:49 | 01 сәуір 2017

Грузия астанасы Тбилисиде Гран При турнирінің екінші күні жалғасуда. Бүгін Қазақстан құрамасынан 4 салмақ дәрежесінде (ер.:73 кг, 81 кг; әйел.: -63 кг, -70 кг) 7 дзюдошы қатысты.

Азиз Қалқаманұлы ел намысын абыроймен қорғап, Қазақстан қоржынына екінші жүлдені салды.

81 келідегі Азиз Қалқаманұлы жарысқа екінші айналымда қосылды. Ол бірінші схваткада Нефедов Алексейді жеңгенімен, ирандық Моллой Сейдтен аса алмады. Жұбаныш белдесуінде жарыс иесі Папинашвили Георгиді жеңіп, жүлдеге бір табан жақындады. Қола үшін белдесуінде Ресей балуаны Калинин Денисті иппонмен жеңіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.

edf55c66a99cf18649b1f7a15983dd46.jpg

81 кг

1. Виктор Пеналбер (Бразилия)

2. Хубецов Алан (Ресей)

3. Саид Моллей (Иран)

3. Азиз Қалқаманұлы

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар