Тбилисиде халықаралық Гран При турнирі басталды
Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан Гран При турнирінің алғашқы жарыс күні қазақстандықтар үшін аяқталды.
Татами шеберлері 5 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтады. 5 салмақ бойынша Қазақстан ұлттық құрамасынан 7 дзюдошы қатысып, жүлдесіз қалды.
60 келіде белдескен Абылайхан Шаратов алғашқы айналымда бразилиялық Фелип Пелимеге вазари ұпайымен жеңілсе, дәл осы салмақта Жеңісбек Жақсыбек бірінші белдесуінде Бролошвили Гиоргиді (Грузия) жеңгенімен, екінші қарсыласы өзбекстан балуаны Тиловов Мухридденнен вазари ұпайымен есе жіберіп, жарыстан шықты.
66 келіде татамиге шыққан Әбілхайыр Мауленин мен Мейіржан Қалтаев та жүлдеге іліне алмады.
Қыздардан Гүлдана Әлмұханбетова (52 кг), Кәмшат Қарсайқызы (57 кг) және Анна Казюлина (57 кг) бірінші схваткадан аса алмады.
Ертең, жарыстың екінші күнінде Қазақстан құрамасынан Бекәділ Шаймерденов (73 кг), Жансай Смагулов (73 кг), Әділет Миссин (81 кг), Азиз Қалқаманұлы (81 кг), Сымбат Төрен (63 кг), Назгүл Құбашева (63 кг), және Жанар Қашқын (70 кг) белдеседі.
0 пікірлер