Қазақстандық жас дзюдошылар Еуропа Кубогында 10 медаль алды
20:57 | 05 наурыз 2017
Түркияның Анталия қаласында жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы аяқталды. Жарыстың екінші күнінде қазақстандық дзюдошылар 4 қола медальға қол жеткізді. Олар: Шынтас Серікболсын (81 кг) Садауқас Бекарыс (90 кг), Шархан Нұрлыхан (+90 кг) және Мирзахметова Саера (63 кг)
Естеріңізге сала кетсек, екі күнге созылған Еуропа Кубогының алғашқы жарыс күнінде 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медалді иеленген болатын. Жарыс қорытындысы бойынша ел қоржынына 10 медаль түсті.
0 пікірлер