«Grand Slam» Paris 2017 турнир жеребесі тартылды

21:49 | 10 ақпан 2017

11 ақпан Франция астанасы Парижде маусымның алғашқы турнирі өтеді. "Grand Slam" турниріне Қазақстан сапынан 5 спортшы қатысады. Жарыстың алғашқы күнінде 60 келіде Асхат Тельманов алғашқы айналымда словениялық Трбовц Матьяжбен белдессе, Ғұсман Қырғызбаев жарысқа 1/16 финалында қосылады. 66 келіде Мейіржан Қалтаев Шмит Томмен кездессе, Әбілхайыр Мәуленин жеребе бойынша татамиге 1/16 финалда шығады. Елдос Жұмаханов 73 келіде ел намысын қорғайтын болады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар