Көңіл айтамыз

11:35 | 06 ақпан 2017

Түркістан қаласы, Ә. Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Тәңірбергенов Ерқанат Рақымұлы жол апатынан қаза тапты. Қайғылы оқиға Машат асуы тұсында орын алды. Тәңірбергенов Ерқанат Тараз қаласында өтіп жатқан ел біріншілігіне Тараз-Ташкент тас жолы арқылы барарда ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабық болған. Жамбыл облысына өте алмағандықтан кері қайтар тұста жол апатына ұшырап, ауыр жарақат алған Тәңірбенов Ерқанат оқиға орнында жан тәслім етті.

Қазақстан Дзюдо федерациясының ұжымы марқұмның туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар