Дзюдодан бірінші клубтық турнир басталды
Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан ерлер арасындағы бірінші клубтық турнир басталып кетті.
Елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырған байрақты бәсеке жеті салмақ санатында (60 кг, -66 кг, -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг және +100 кг) Қазақстан, Ресей, Латвия, Украина, Қырғызстан елдерінің клубтары арасында өтуде.
Оқырмандар назарына қатысушы командалардың тізімінұсынамыз:
"Tak Astana Club" клубы- Қазақстан
"Самбо-70" клубы – Ресей
"City Commerce Bank Team" клубы – Украина
Ригадзюдоклубыныңкомандасы – Латвия
Бішкекдзюдоклубыныңкомандасы – Қырғызстан
Челябі дзюдо клубының командасы – Ресей
Қазақстандық құраманың намысын Елдос Сметов, Сергей Лим, Азамат Мұқанов пенМаксим Раковтар қорғап жатыр.
Жеребенің қорытындысы бойынша біздің спортшылар татамиде алғаш болып Олимпиадалық дайындық клубы орталығының (Челябі, Ресей) балуандарымен кездеседі. Ал жеңіске жеткен жағдайда, қазақстандық дзюдошылар латвиялық «Riga Dome» командасымен белдесетін болады.
Салтанатты ашылу салтанаты - 18.30.
Турнирдің жеңімпаздары келесідей сыйлыққа: 1-ші командалық орын - $50 000, 2-ші командалық орын - $30 000 және 3-ші командалық орын - $20 000 ие болады.
0 пікірлер