​Дзюдо: Әлем чемпионатының қорытындысы

19:40 | 28 қазан 2013

Люблянде (Словения) дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты мәреге жетті.

Командалық жарыстарда Қазақстан құрамасы, өкінішке орай, іріктеу айналымына өте алмады. Жігіттеріміз Жапония құрамасынан жеңіліп қалса, қыздарымыз – Франция құрамасына есе жіберді.

Командалық кездесулердің қорытындысы:

Жігіттер:

1-орын - Грузия
2-орын - Греция
3-орын - Украина, Жапония

Қыздар

1-орын - Жапония
2 -орын - Франция
3 -орын - Хорватия, Германия

Естеріңізге сала кетейік, жеке жарыстардың қорытындысы бойынша ұлттық құрама 17-ші орында тұр. Біздің дзюдошымыз Самат Есен (90 кг) осы біріншілікте «күміс» жеңіп алды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар