Дзюдодан жаттықтырушыларға арналған техникалық семинар аяқталды

21:01 | 19 желтоқсан 2016

Алматыда Дзюдо академиясында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған жаттықтырушыларға арналған техникалық семинар аяқталды. Жаттықтырушыларға арналған семинар Халықаралық Олимпиада комитетінің талаптарына сәйкес Қазақстан Ұлттық Олимпиада Комитеті мен Қазақстан Дзюдо Федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды. 14-19 желтоқсан күндері семинарды Австриядан келген IJF өкілі Дани Джордж ағылшын тілінде өткізді.

55482dc0fdd50f37373d113e1d72dde3.JPG

Семинар мақсаты– дзюдоны насихаттау және бұл спорт түрін елімізде дамыту, бапкерлердің жалпы ұстанымдарына, біліктіліктерін арттыруға және коучинг тәжірибесін нығайту болатын. Семинарға Қазақстанның барлық спорт мектептері (балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері, спорт шеберлерінің орта мектептері, ұлттық командаларды бекітетін кеңес), соның ішінде жаңа жүйеге қызығушылық танытқан барлық жаттықтырушылар қатысты.

Жаттықтырушылар үшін маңызы ерекше семинарға барлығы 60-тан астам маман қатысып, теорияны практикамен ұштастырды. Курс нәтижесі бойынша қатысушылар Олимпиадалық ынтымақтастық сертификаттарымен марапатталады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар