Алматыда жаттықтырушыларға арналған арнайы техникалық семинар басталды
Алматыда Қазақстан Дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен дзюдодан жаттықтырушыларға арналған арнайы техникалық семинар басталды. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып жатқан аталмыш ашарның мақсаты – дзюдоны насихаттау және бұл спорт түрін елімізде дамыту, бапкерлердің жалпы ұстанымдарына, біліктіліктерін арттыруға және коучинг тәжірибесін нығайту. Семинардың алғашқы күнінде IJF өкілі Дани Джордж (Австрия) жаттықтырушыларға теориялық тұрғыда дәріс жүргізді. Сонымен қатар, Дани Джордждың қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз- мәслихатында шет елдік маман Қазақстандағы дзюдоның қарқынды дамып жатқандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, дзюдоға енгізілетін жаңа ережелерге байланысты журналистер сұрақтарына жауап берді.
Дани Джорд, IJF өкілі:
-
Қазақстанда дзюдоның қарқынды дамып келе жатқанына ешкім күмән келтірмейді. Қазақстандық дзюдошылар арасында әлемдік рейтингте көш басында тұрғандар да бар. Бұл Қазақстан үшін жақсы көрсеткіш. Алдағы уақытта үздік бестік қатарында тұрақтайды деп ойлаймын.
Баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан Дзюдо федерациясының даму жөніндегі директоры Асхат Жіткеев дзюдо ережелеріндегі өзгерістерге де тоқтала кетті:
-
Дзюдода ережелер өзгереді деген нақты шешім қабылданбады. Бұл жөнінде 3-4 қаңтарда өтетін Бакудегі бүкіл әлемдік семинарда нақты жауабы айтылады. Ұсынылған өзгерістер мақұлданып жатса, мұны дзюдоның дамуына қосылған үлес ретінде қарау керек- дейді, Асхат Жіткеев сөзін қорытындылай келе.
Шет елдік мамандардың қатысуымен жаттықтырушыларға арналған арнайы техникалық семинар 19 желтоқсанға дейін Дзюдо академиясында жалғасады.
0 пікірлер