Алматыда жаттықтырушыларға арналған шетелдік мамандардың қатысуымен техникалық курс өтеді
Алматыда Дзюдо академиясында 14-19 желтоқсан күндері Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ҚР Дзюдофедерациясының ұйымдастыруыменжаттықтырушыларға арналған халықаралық техникалық курс өтеді.
Қазақстанда мұндай курс алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Мақсаты – дзюдоны насихаттау және бұл спорт түрін елімізде дамыту, бапкерлердің жалпы ұстанымдарына, біліктіліктерін арттыруға және коучинг тәжірибесін нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар бапкерлер курсы Қазақстанның барлық спорт мектептеріне ұсынылады (балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері, спорт шеберлерінің орта мектептері, ұлттық командаларды бекітетін кеңес), соның ішінде жаңа жүйеге қызығушылық танытқан, халықаралқ дзюдо федерациясының жетекші мамандарынан, халықаралық сарапшылардан білім алғысы келетін кез келген адам қатыса алады.
Курс келесі жүйемен өткізіледі:
-
І деңгейлі бапкерлер үшін халықаралық дзюдо федерациясының форматын ескере отырып 3 күндік курс,
Курс мазмұны Халықаралық дзюдо федерациясының жаңа басшылық ұстанымдары, ережелері мен талаптарына сай анықталып, реттеледі.
Курстың теориялық бөлімі мынаны қамтиды:
-
Негізгі аспектілерді қамту;
-
Бапкердің рөлі;
-
Бапкерлердің этика кодексі;
-
Дзюдоны студенттерге қызықты етуге тырысу;
-
Тәрбие: коммуникация мен ұйымдастырушылық;
Курстың практикалық бөлімі мынаны қамтиды:
- движения, Par-Terre позициялары;
- тай-взлет негіздері;
- негізгі шабуыл мен қорғаныс Par-Терре;
- эксперттерден шеберлік сыныбы;
Курс аяқталғанда қатысушыларға арнайы сертификат табысталады. Сертификатты табыстау нәтижесі екі бөлімнің де қорытындысы бойынша бағаланып анықталады.
ІІ деңгей:
Курс теория мен практиканы қамтиды. Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті Халықаралық дзюдо федерациясымен бірігіп 2-халықаралық деңгейде курс өткізеді.
ІІ деңгейге Халықаралық дзюдо федерациясы адам қажеттіліктеріне қарай өздері іріктеп алады. Бұл курстың негізгі мақсаты – педагогтарды оқыту. Барлық қатысушыларды халықаралық дзюдо федерацясы бекіткен сарапшы бақылап, баға береді және дайындайды.
Курс нәтижесі бойынша қатысушылар сертификаттарымен марапатталады. Курс ағылшын тілінде өтіп, орыс тіліне бірден аударылып отырады.
Курс келесіні қамтиды:
-
ХДФ білім беру жүйесінің педагогтарын дайныдайды;
-
Педагог пен оқушы өзара байланысы;
-
Білім, тәжірибе мен баға;
-
Оқыту әдістерін құру және анализ жасау;
-
ХДФ оқыту әдістерін педагогтарға таныстыру;
-
Оқыту процессін басқару ( 2017-2020 жылдардағы олимпиада цикліне жоғары білікті спортшылар дайындау);
0 пікірлер