Астанада республикалық турнир өтеді

17:14 | 07 желтоқсан 2016

9 желтоқсан Астана қаласында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жылдығына және ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Данияр Болат Мырзағалиұлының мерейтойына орай дзюдодан Республикалық турнир ұйымдастырылады. Турнирге әр командадан 5 дзюдошыдан 5 салмақ дәрежесінде қатысады. Олар: 66 кг, 73 кг, 81 кг, 90 кг және + 90 кг.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мақтау қағаздарымен қатар, қомақты қаржылай сыйақылар табысталады.

Жарыстың өтетін орны: Астана қаласы, «Жас батыр» спорт кешені, Конституция көшесі, 3 үй

Жарыстың басталу уақыты: 9 желтоқсан, сағат 10:00

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар