Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир басталды
Бүгін Ақтау қаласында дзюдодан халықаралық турнир басталды. Дәстүрлі түрде жетінші рет ұйымдастырылатын жарыс КСРО спорт шеберіне үміткер Баламұрат Ақшабаевтың жүлдесіне және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.
Салтанатты шараның ашылуына облыстық дзюдо федерациясының президенті Самат Мұсабаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Бекмұрат Жүсіпов, облыстық самбо федерациясының президенті Орақ Аяпов, облыстық спорт басқармасының басшысы Бекболат Байжанов, Маңғыстау облысы қазақ күресі Федерациясының президенті Аббат Өрісбаев, Маңғыстау облысы самбо Федерациясының вице-президенті Бейнеубек Әбілов, облыстық «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
Жалпы жарысқа еліміздің барлық өңірінен және көршілес Әзірбайжан, Грузия мемлекеттерінен келген 2000-2001 және 2002-2004 жылы туған 315 балуан қатысуда. Дзюдодан ұйымдастырылатын жарыс 2-3 желтоқсан күндері облыстық «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтуде.
-Байрақты бәсекеде облыс намысын 50 балуан қорғайды. Бүгін жарыстың алғашқы күні 2000-2001 жылы туған 110 спортшы боз кілемде белдеседі. Турнирдің басты мақсаты-жас спортшылардың шеберлігін шыңдау, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жас спортшылардың республикалық жарыстардағы тәжірибесін нығайту. Турнир биыл жетінші рет өткізіліп отыр. Бұл турнир осыдан жеті жыл бұрын аудандық, кейін облыстық деңгейде ұйымдастырылды. Географиялық ауқымы кеңейіп, халықаралық деңгейге көтерілді. Жарысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткен облыстық спорт басқармасының және облыстық дзюдо федерациясының басшылығына ризашылығымды білдіремін,-дейді облыстық «Жастар» БЖСМ бапкері, жарыстың бас төрешісі Талғат Есекенов.
Жарыстың салтанатты ашылуынан кейін Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің алғысхатымен Маңғыстау облысының көркем және эстетикалық гимнастика Федерациясының президенті Бибігүл Тулегенова, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы Берік Жұмағалиев, «Маңғыстау облысының үздік әдіскері» атағымен Сындаргүл Ершорақызы, «Қазақстан Республикасының самбо күресінен жастар арасындағы ең үздік бапкер» атағымен Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы Сергей Волобуев, «Қазақстан Республикасының ең үздік әдіскері» атағымен Гаухар Чайкузова, өз ісінің білікті мамандары Марина Мишеева, Майра Мұстажаева, ақпараттық қолдау көрсеткен «Үздік фотогроф» атағымен Ақерке Гагаринқызы марапатталды. Сондай-ақ 2016 жылы халықаралық жарыстарда топ жарып, ел намысын абыроймен қорғаған балуандар Азия Чемпионы, Әлем Чемпионатының қола жүлдегерлері Айболат Мұратұлы, Нұркен Домбаев, Бауыржан Сағынғалиұлына самбо күресінен «Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері» атағы табысталды. Одан бөлек Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен Әлібек Құлбарақов, Ерлан Серіков, Ғайса Қалмұханов, Асхат Хапанов, Жомарт Қобланов, Әмірбек Жеңісовке «Дзюдодан Ұлттық дәрежедегі төреші» атағы берілді.
Сомен, бірінші күннің нәтижелері төмендегідей:
46 кг (ұлдар):
1. Нұрбол Нұрсұлтан (Маңғыстау)
2. Дәурен Оралбаев (БҚО)
3. Айбек Сайлаубаев (Жыңғылды)
Асадбек Реймбаев (Ақтау, «Жастар» БЖСМ)
50 кг (ұлдар):
1. Нұрлыбай Аманбаев (БҚО)
2. Ислам Асқаров (Атырау облысы)
3. Данияр Қайыров (Орал)
Бекзат Бергенқұл (Маңғыстау ауданы)
55 кг (ұлдар):
1. Нұржас Қуандық (Ақтау, «Жастар» БЖСМ)
2. Нұрлан Мәжік (БҚО)
3. Айбар Сайфенов ( Ақтау, «Толқын»)
Еділхан Хасан («Жыңғылды» интернат)
60 кг (ұлдар):
1. Саба Капанадзе (Грузия)
2. Левани Жамерашвили (Грузия)
3 Олжас Төлегенов (Ақтау, «Толқын»)
Нұрәділ Қуатбаев (Ақтау, «Жастар» БЖСМ)
66 кг (ұлдар):
1. Георгий Чикилидзе (Грузия)
2. Бачо Джвошвили (Грузия)
3. Балғынбай Оразалыұлы (Жаңаөзен)
Әбубәкір Баубек («Жыңғылды» интернаты)
73 кг (ұлдар):
1. Лаша Бекаури (Грузия)
2. Ерлан Оразалиев (БҚО)
3. Қуандық Рашидов (Ақтау «Толқын»)
Жалғас Қаспаев («Жыңғылды» интернаты)
81 кг (ұлдар):
1. Нұрхан Қалдыбаев (Жаңаөзен)
2. Нұрсұлтан Жасарбаев (Ақтау, «Толқын»)
3. Сұлтан Саматұлы (Атырау облысы)
Серікқали Хасан (Қарақия ауданы)
+81 кг (ұлдар):
1. Мұхамбет Зұлқарнаев (Маңғыстау аауданы)
2. Расул Әбдіхалық (Ақтау, «Толқын»)
3. Әбілхайыр Айтқұл (Ақтау, «Жастар» БЖСМ)
Наурызхан Шамгонов (Атырау облысы)
40 кг (қыздар):
1. Жанбота Мұқанова (Ақтау, «Жастар» БЖСМ)
48 кг (қыздар):
1. С әбина Жолдығалиева (Атырау облысы)
2. Айкөркем Есенболатқызы (Атырау облысы)
52 кг (қыздар):
1. Аружан Жақсыбаева (Қызылорда облысы)
2. Мадина Ізтілеуова (Қарақия ауданы)
3. Мақпал Қожаева (Атырау облысы)
57 кг (қыздар):
1. Салтанат Айешова (БҚО)
2. Әйгерім Құлқаева (Ақтау, «Жастар» БЖСМ)
3. Салтанат Сайын (Қарақия ауданы)
63 кг (қыздар):
1. Жанар Сапашова (БҚО)
2. Гүлназ Мырзағалиева (Жаңаөзен қаласы)
+70 кг (қыздар)
1. Гүлнұр Мақсейтова (Ақтау, «Жастар»)
0 пікірлер