Конфедерация кубогына қатысатын дзюдошылар тізімі анықталды

10:48 | 23 қараша 2016

2016 жылдың 3-4 желтоқсан күндері Алматы қаласында «Балуан Шолақ» спорт кешенінде жылдың ең маңызды спорттық шарасы өтеді. Ол – спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы кубогы (Бұдан әрі – Конфедерация кубогы – Авт.)

Тұңғыш рет бокс, күрес, дзюдо және таеквондо (WTF) спортынан бірлескен командалық жарыс ретінде өткізілетін шараның жалпы жүлде қоры - 125 млн. теңге. Конфедерация кубогы үшін қатысушылар жеребе арқылы төрт топқа бөлінген еді. Әр топта 4 облыстың спортшылары финалдық бәсеке үшін барын салды. «А» тобында Қызылорда облысы мен Алматы облысы, сонымен қатар Астана және Алматы қаласының дзюдошылары ақтық жолдама үшін белдесті. Нәтижесінде дзюдодан Қызылорда облысының спортшылары мықтылығын дәлелдеп, топтан суырылып шықты.

ШҚО, БҚО, СҚО және Ақмола облысының дзюдошылары «В» тобынан берілетін жолдамаға таласып, нәтижесінде бұл топтан ШҚО-ның спортшылары үздік деп танылып, Алматыда өтетін жарыстың жартылай финалына жолдама алды.

Рио Олимпиадасының қатысушылары Дидар Хамза мен Жансай Смағұлов та басты бәсекеден тыс қалған жоқ. Жеребе бойынша екі облыс спортшылары, атап айтқанда, Қарағанды облысы мен ОҚО спортшылары бір топқа түскен. Сондай-ақ, бұл топта Павлодар облысы мен Қостанай облысының дзюдошылары да бар. Төрт облыс ішінен Қарағандының спортшылары қырағылық танытып, Конфедерация кубогының жартылай финалында белдесетін болды.

Мұнайлы өлке Маңғыстаудың дзюдошылары, Ақтөбе облысы, Атырау облысы және Жамбыл облысының спортшылары «D» тобында күш сынасты. Бұл топтан іріктеу кезеңінен іркілмей шыққандар - Жамбыл облысының жүйріктері.

Бүгін жылдың басты спорттық шарасы болып саналатын Конфедерация кубогының жартылай финалда белдесетін дзюдошылар тізімі анықталды. Әр өңірдің намысын қорғайтын спортшылар тізімі келесідей:

Қарағанды облысы: Жансай Смағұлов, Қайрат Ағыбаев, Айдын Дартаев, Еркебұлан Қанафин, Ержан Шынкеев, Дмитрий Черкасов, Тимур Жарасов.

Жамбыл облысы: Елдос Сметов, Жеңіс Сайлаубай, Ораз Нұрдәулет, Бекәділ Шаймерденов, Азиз Қалқаманұлы, Ахмет Дәулет, Айтбек Айбол, Дәулетхан Жақыпов, Жамбыл Тұрғналиев, Абай Ерболұлы.

Қызылорда облысы: Дархан Сержанов, Ерлан Жақсыбеков, Ғалым Абдірахманов, Ақылбек Серік, Батыр Мұқатаев, Ержан Абдуллаев, Жайдарбай Есенов, Олжас Қалниязов, Нұрым Сәлімгереев, Еламан Ерғалиев.

Шығыс Қазақстан облысы: Ерлан Серікжанов, Ильяс Измагилов, Нұрлан Оразалин, Елдар Бисембаев, Дастан Ықыбаев, Ерсін Сейітқазынов, Әсет Ахметжанов, Мақсат Мәзібаев, Дәурен Нұралинов, Ерасыл Қажыбаев.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар