Қызылордада Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан кубогы өтеді

18:49 | 13 қараша 2016

16 қараша күні Қызылордада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында кезекті Қазақстан чемпионаты және ел кубогы жарыстары басталады. Дүбірлі бәсекеге Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 400-ден аса спортшылар 14 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады (7 ер және 7 айелдер арасында).

Олардың арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері, Батыс қазақстандық Азамат Мұқанов, ақтөбелік Рустам Ыбраев, биылғы Рио- де Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының қатысушылары: қарағандылық Жансай Смағұлов, оңтүстік қазақстандық Дидар Хамза, Азия чемпионатының қола жүлдегерлері маңғыстаулық Елдос Жұмаханов, қарағандылық ардагер палуан Ержан Шынкеев, жасөспірімдер Олимпиада ойындарының чемпионы, тұңғыш Әлем чемпионы, қызылордалықтар Бауыржан Жауынтаев, жастар арасында Әлем чемпионы Мағжан Шамшадин, жастар арасында Азия чемпионы Жақсыбек Жеңісбек, Азия чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы, Алматы қаласынан Мариан Урдабаева, Универсиада ойындарының қола жүлдегері, Алматы облысының спортшысы Жанар Қашқын және Азия ойындарының қола жүлдегері, Шығыс қазақстандық дзюдошы Гүлжан Исановалар бар. Жарыс қорытындысы бойынша келесі жылға ерлер мен әйелдер Қазақстан ұлттық құрама командасы жасақталады.
Сондай-ақ, ел чемпионаты аяқталғаннан кейін 19 қарашада Қазақстан кубогы жарыстары өтеді. Жарыстың салтанатты ашылуы 16 қараша сағ.10.00-де, басталуы 10.30-да Қызылорда қ. «Мұз айдыны» спорт кешенінде өтеді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар