«Grand Slam» Абу-Даби 2016 - Бірінші күн

00:06 | 29 қазан 2016

Абу Дабиде өтіп жатқан халықаралық «Grand Slam» турнирінде Қазақстан спортшылары 1 алтын, 1 күміс медальға ие болды. 48 келі салмақта алтынды Отгонцэцэг Галбадрах еншілесе, ерлерден 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азамат Мұқанов күмісті місе тұтты. 33 елден 200-ге жуық дзюдошы қатысып жатқан турнирде Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде командалық есепте медаль саны бойынша ІІ орынға жайғасты.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінже сынға түскен отандасымыз Галбадрах Отгонцэцэг қарсылас шыдатпады. Ол финалдық бәсекеде сербиялық Малиса Николаны иппонмен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Алғашқы айналымда Галбадрах француз қызы Коршей Сефорамен белдесіп, жартылай финалдық жолдамаға иелік етті. Ақтық финалдық жолдама үшін Испания спортшысы Юлия Фигуеромен белдесіп, бір юкомен ұтқан болатын.

b79a4e298b826751ca2b288f4d96540a.jpg

Ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азамат Мұқанов сәтті өнер көрсетті. Ол ақтық финалда Ресей дзюдошысы Якуб Шамиловқа жол беріп, күмісті місе тұтты. Оған дейін Мұқанов португалиялық Сергей Олейник пен бразилиялық Чарльз Шибанадан иппон ұпайымен басым түскен еді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар