Дзюдодан ӘЧ:алғашқы күннің қорытындысы

14:03 | 24 қазан 2013

Словенияның Любляна қаласында кеше, 23 қазанда дзюдодан жастар арасындағы әлем біріншілігі жалауын желбіретті. Дүбірлі додаға жол тартқан қазақ балуандарының барлығы ел біріншілігінен топ жарғандар. 23-27 қазан аралығында өтетін бәсекеге төрткүл дүниенің дарынды балуандары қатысуда.

Бірінші күннің тартысында қазақ өрендерінен Жақсылық Мұсырманов және Асылжан Сейдуәлі (55 кг),Мейірлан Баймағамбетов (60 кг),Еңлік Сатыбалды (44 кг) және Айгүл Байқұловалар (48 кг) бақтарын сынады.

Айгүл Байқұлова, Еңлік Сатыбалдыжәне Мейірлан Баймаханбетовтер финалға жете алмағанымен, жұбату белдесулеріне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Нәтижесінде Мейірлан 5-ші орын, ал Айгүл мен Еңлікжетінші орынға жайғасты. Өкінішке орай, ЖақсылықпенАсылжан бірінші айналымнан кейін-ақ әлем біріншілігінен шығуға мәжбүр болды.

Бүгін татамиге келесі спортшылар көтеріледі:

66 кг – Дәурен Алдыназаров

73 кг -Қайрат Ағыбаев

52 кг -Әсел Қайсарова, Айкүнім Түйтекова

57 кг -Анна Старченко, Севара Нишанбаева

Жарыс кестесі мен қарсылас жұптардың тізімін мына жерден көре аласыздар.

Чемпионатты онлайн тәртібімен ippon.tv. сайтынан көруге мүмкіндік жасалған.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар