Конфедерация кубогының В тобындағы жеңімпаздары анықталды

18:41 | 23 қазан 2016

Бүгін Өскеменде Конфедерация кубогының В тобындағы мықтылары анықталды. Жеребе бойыншы бұл топта БҚО, СҚО, ШҚО спортшылары сынға түсті.

Конфедерация кубогының іріктеу кезеңінде ШҚО дзюдошылары мен СҚО спортшылары белдесіп, жеңіс 5:0 есебімен Шығыс Қазақстандықтардың еншісіне шешілді. 4:1 есебімен Батыс Қазақстанның балуандары Солтүстік Қазақстан облысының балуандарын тізе біктіріп, жеңіске жетті. Топтық кезеңнің шешуші сынында ШҚО мен БҚО балуандары белдесіп, Шығыс Қазақстандық дзюдошылар топ жарды.

Грек-рим күресі бойынша СҚО балуандары үш кездесуде де жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды. Еркін күрестен Шығыс Қазақстандық балуандар озық шықты

Таеквондо спорты бойынша БҚО спортшылары басым түсті.

Естеріңзге сала кетсек, финалдық кездесулер 3-4 желтоқсанда Алматы қаласында өтеді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар