Рио Олимпиадасының бірқатар жүлдегеріне әскери шен берілді

16:27 | 27 тамыз 2016

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов «лейтенант» шенін иеленді. Дәл осындай атақ күміс және қола жүлдегерлері Елдос Сметов пен Василий Левит, Екатерина Ларионоваға да табысталды. Ал Ұлттық гвардияның спорт командасының жаттықтырушылары Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко мерзімінен бұрын «капитан» атанды. «Динамо» спорт қоғамының атлетшілеріне әскери атақты Ішкі Істер министрі Қалмұханбет Қасымов табыстады. Сондай-ақ спорт қоғамының сапында жүрген Олимпиаданың өзге де жүлдегерлері «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталғандар тізімінде Галбадрах Отгонцэцэг бар

Айта кетейік, егемендік алғалы бері «Динамо» спортшылары Олимпиадада ел қоржынына жалпы саны 62 медаль салған. Оның 16-сы – алтын, 19-ы – күміс.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар