БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ

22:11 | 11 тамыз 2016

Осы күндері Рио - де - Жанейрода Олимпиада ойындары өткізіліп жатқаны белгілі. Оған еліміздің дзюдо құрамасы да қатысқанын өздеріңіз білесіздер. Жарыс нәтижесі бойынша қыздар арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Отгонцецег Галбадрах қола жүлдені, ал ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Елдос Сметов күмісті олжалады.

Спортшыларымыз Алматы әуежайына 14 тамыздан 15 тамызға қараған түні сағат 1:30 Амстердам – Алматы KL 405 рейсімен келетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты барлық ақпарат құралдарын спортшыларымызды қарсы алуға шақырамыз және аты - жөндеріңізді(ақпарат құралдарыңыздың атауын және байланыс телефондарыңызды)fdkpress@mail.ru поштаcына жазып жіберулеріңізді сұраймыз. Сонымен қатар, түсірілімге рұқсат алу үшін Алматы қаласы әуежайы басшылығының атына алдын ала хат жолдауларыңызды өтінеміз.

«Дзюдо федерациясы» РҚБ

баспасөз хатшылығы

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар