Алматы қаласындағы Гран При жарысы мәресіне жетті

18:48 | 15 мамыр 2016

13 мамыр Алматыда еліміздегі тұңғыш дзюдо Академиясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Мұхамедиұлы Арыстанбек, Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек, Халықаралық Дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Данияр Абылғазин және ҚР Дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысты.

Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек:

«Халықаралық стандартқа сай салынған академияның біздің елімізде ашылуы біз үшін үлкен жетістік. Мұндай шара бізде алғаш рет өтуде. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік арқасында 2.5 млн доллар инвестициаланды. Бәсекеге қабілетті ұлт - бұл халықтың денсаулығы. Сондықтан біз қаламызда жалпы спорт түрлерінің дамуына қолдау көрсетуіміз керек».

dda81eaa60311d32bb33322297cd490c.jpg

Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер:

«Әлемде болып жатқан дағдарысқа қарамай, спорттың қарқынды дамуы көңіл қуантады. Академияның ашылуы спортты дамытып қана қоймай, олардың деңгейін көтеріп, әлемдік рейтингте көшбасшылар қатарына жетелемек».

Ашылу салтанатында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы елбасы атынан ҚР ұлттық құраманың бас төрешісі Ермек Имамбековке құрмет грамотасын тапсырды.

Естеріңізге сала кетсек, Спорт кешенінде төрт татамиге арналған зал, жаттығу залы, 100 орындық жатақхана мен асханасы орналасқан. Онда Қазақстан ұлттық құрамасымен қатар, жас дзюдошылар да жаттығатын болады. Академияда халықаралық жаттығу жиыны, семинарлар мен шет елдік мамандармен бірлесе әр-түрлі шеберлік сабақтары ұйымдастырылатын болады.

da26fc20f4cd24a6a51f089798f109ac.JPG

Сондай-ақ, 13 мамырда Алматыдағы Гран При жарысының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Мұхамедиұлы Арыстанбек, Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек, Халықаралық Дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Данияр Абылғазин және ҚР Дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысты.

Бірінші күні ерлер 60, 66 келіге дейінгі салмақта, қыздар 48, 52, 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде татамиге шықты.

Ерлер құрамасында 60 келіде Рустам Ибраев финалға жолдама алып, қарсыласы Манзи Элиосудан айласын асыра алмай, екінші орын алды. Өкінішке орай, Тельманов Асхат пен Имашев Айбек өзбекстандық дзюдошылардан жеңіліп, бесінші орындарды місе тұтты. Айта кетерлігі, бұл салмақ дәрежесінде жастар құрамасынан шыққан Қылыш Еренғайыпов айтарлықтай нәтиже көрсетіп, жетінші орынға орналасты.

66 келідегі Жансай Смағұлов жапондық Маруями Жошариомен финалда кездесіп, есе жіберді. Жұмақанов Елдос Италия спортшысы Басиле Фабионы жеңіп, қола жүлдеге ие болды.

Алтынды 48 келіде сынға түскен Галбадрах Отгонцецег қоржынға салды.

Жарыстың екінші күнінде ерлер 73 және 81 келіде, қыздар 63, 70 келіде белдесті. 73 келіде Дидар Хамза жартылай финалда есе жіберіп, қола үшін моңғол балуаны Санжаргал Ниам-Очиромнан басым түсті.

a009989d8a748eea2b6ddd9b0e96e8d0.jpg

Өкінішіке орай, әйелдер арасында екінші күні медаль болған жоқ.

Гран При жарысы мәресіне жетті

Жарыстың үшінші күні қазақ құрамасынан ерлер арасында 90 келіде Дәулетхан Жақыпов көрермендер көзайымына айналды, ол қола жүлдеге жақын еді, алайда словениялық Михайл Зганкқа ұтылып бесінші орынға тұрақтады. Ал, қыздар арасында 78 келіге дейінгі салмақта Альбина Амангельдиева күміс жүлдегер атанды.

82dca5713ca385239a9367c10dbef031.jpg

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан жүлде қоры жөнінен төртінші орында тұр. Қоржынымызда бір алтын, үш күміс және екі қола.

Алматы қаласында өткен Гран При жарысында 80-нен астам елден келген 400-ге тарта дзюдошы қатысты. Айта кету керек, 2004 жылы Алматы қаласында тұңғыш рет Гран При жарысы өткізілген еді.

2010 және 2011 жылдары Қазақстан Әлем Кубогы жарысын, 2012 жылы Алматы қаласында «Әлем шеберлері» ұйымдастырылып, елімізге алғаш рет Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер келген еді. Ол сол уақытта елімізде өткізіліп жатқан жарыстарға жоғары бағасын беріп кеткен болатын. Ал, 2013 жылдан бастап еліміз Гран При жарысын өткізу құқығына ие болды. 2013 жылы Гран При Алматыда өткізілсе, 2014 жылы Астанада ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Қазақстан 2015 жылы әлем бірінішілігін өткізіп халықыралық дзюдо қауымдастығы тарапынан жоғары баға алды.

Осы жолы дзюдо күресінен өткізілген Гран При елімізде әлем чемпионатын есептемегенде қатысушы мемлекеттер саны бойынша ең ірісі.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар