Гран При. Алғашқы күннің қорытындысы
Алматыда Балуан Шолақ спорт сарайында өтіп жатқан Гран При жарысының бірінші күні ел спортшылары үшін сәтті өтті.
Алғашқы алтын медалді 48 келіде сынға түскен Галбадрах Отгонцецег қоржынға салса, күміс жүлдені 60 келіде Рустам Ибраев иеленді.
Қола үшін белдесуге шыққан қос бірдей балуанымыз қарсыластырына есе жіберді. Атап айтқанда, 60 келіде Асхат Тельмановты өзбекстандық Диорбек Уразбеков «вазари» әдісімен жеңсе, Айбек Имашевты да өзбекстандық Лутифуллаев Шарафаддин жартылай жеңіспен жарыс жолынан шығарды.
66 келіде Азамат Мұқанов жұбаныш белдесуде француз Ли Блоушқа есе жіберді.
Жұмақанов Елдос үшінші орынға күресіп, қола жүлдегер атанды. Ал, 66 келіде күрескен тағы бір дзюдошымыз Жансай Смағұлов күмісті місе тұтты.
0 пікірлер