​Федерациялардың сайттары жаңартылды

10:35 | 08 қазан 2013

Дзюдо федерациясы, Ауыр атлетика федерациясы мен Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы сайттарының жаңа нұсқалары таныстырылды.

Жаңартылған порталдар енді бір стильде және өздері мүше болып табылатын Спорттық жекпе-жектер федерациясының ресми сайтының тармақтары ретінде жұмыс істейтін болады.

Сайттарда өзекті жаңалықтар, спорттық жарыстардың нәтижелері, спортшылар мен бапкерлердің сұхбаттары жарияланады. Сонымен бірге федерациялардың тарихы, басшылығы, ұлттық құрамалардың құрамы мен бапкерлер туралы толыққанды ақпараттармен, спорттық шаралардың күнтізбесімен, фото- және видеомұрағаттармен таныса аласыздар. Порталдың тағы бір маңызды бөлімі – сайттарға кірушілерге федерация басшыларына тікелей жауап беріп, жедел жауап алуға мүмкіндік беретін интерактивті блог болып табылады.

Федерациялардың сайттарының жаңартылған нұсқаларымен танысыңыздар!

www.fdk.kzДзюдо федерациясы

www.wfrk.kzАуыр атлетика федерациясы

www.wrestling.kzГрек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар