Азия біріншілігі мәресіне жетті

20:16 | 17 сәуір 2016

Командалар арасындағы жарыста жеребе нәтижесі бойынша ел құрамасының бірінші айналымда қарсыласы болмады, ал екінші айналымда қазақ жігіттері сириялықтардан басым түсті (5:0). Жартылай финалда балуандарымыз татами иелеріне есе жіберіп, үшінші орынға қытайлықтармен шықты. Нәтижесінде 4:1 есебімен жеңіп, қола жүлдегер атанды.

Ал, қыздар құрамасында да алғашқы айналымда қарсыласы болмады. Келесі айналымда қыздарымыз Иран (5:0) спортшыларын жеңіп, жапондықтарға ұтылды (1:4). Үшінші орын үшін өзбек дзюдошыларымен кездесті, нәтижесінде 3:2 есебімен жеңіп, қола жүлдені ұтып алды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар