Азия біріншілігі қазақ құрамасы үшін сәтті басталды
Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында Азия біріншілігі басталды. 48 келі салмақта Отгонцэгцэг Галбадрах алтын алды. Ақтық кездесуде ол өзінің басты қарсыластарының бірі ретінде есептелетін әлемдік рейтингтің көшін бастап тұрған моңғолдық Мунхбат Уранцегцегті жеңді.
Ал, Мариан Ордабаева 63 келіге дейінгі салмақта ақтық сында жапон балуанын жеңіп, Азия чемпионы атанды.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Елдос Сметов жеңіске жетті. Финалда Елдос өзбек дзюдошысы Диорбек Урозбоевтна айласын асырып, бірінші орын алды. Елдос Жұмаханов 66 келіде қола жүлдеге ие болды, ал жас саңлағымыз Дидар Хамза 73 келіде күмісті қанағат тұтты.
Руста Ыбраевта жеңіс тұғырына жақын болды, алайда ол Дастан Ықыбаевпен бірге бесінші орынға ғана тұрақтады. Алғашқы жарыс күні біздің команданың қоржынында үш алтын мен бір күміс және бір қола бар. Нәтижесінде Қазақстан жүлде қоры бойынша бірінші орында тұр.
0 пікірлер