Азия біріншілігіне екі күн қалды

14:28 | 13 сәуір 2016

Ташкентте 15-17 сәуір аралығында Азия біріншілігі өткізіледі. Оған Қазақстан құрамасынан 21 спортшы қатысады деп жоспарлануда.

Ерлерден бірінші күні татамиге 60 келіде Елдос Сметов пен Рустам Ыбраев шықса, 66 келіде Жансай Смағұлов пен Елдос Жұмаханов бақтарын сынайды. Екінші күнінде қос бірдей балуанымыз 73 келі салмақ дәрежесінде белдеседі. Олар: Дастан Ықыбаев пен Дидар Хамза. Азия біріншілігінің соңғы күнінде 81 келіде Азиз Қалмаханұлы мен Дәулетхан Жақыпов, 100 келіде Максим Раков, аса ауыр салмақ дәрежесіәнде ел намысын Ержан Шыныкеев қорғамақ.

11 қызымыз 6 салмақ бойынша күреседі:

Александра Подрядова (48 келі)

Галбадрах Отгонцецег (48 келі)

Ленария Мингазова (52 келі)

Айкүнім Түйтекова (52 келі)

Назгүл Құбашева (57келі)

Анна Казюлина (57келі)

Мариан Ордабаева (63 келі)

Жанар Қашқын (70 келі)

Ділбәр Өмірәлиева (70 келі)

Альбина Амангельдиева (70 келі)

Гүлжан Исанова(+78 келі)

Қазақстан құрамасын Ермек Имамбеков, Сергей Раков, Ибрагим Вешагуров, Айдын Смағұлов, Мәди Құрымбаев, Марат Файзиев, Ермек Әлжанов, Ғалымжан Жылгелдиев, Талғат Байшолақов, Жексембай Саламатов, Марат Данайбаев, Михаил Шепетюк, Дашжамцын Энхбаатар, Базарбек Донбай сынды білікті бапкерлер бастап барады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар