​Ташкенттегі Гран-при турнирі: Барлық үміт қыздарда!

14:49 | 06 қазан 2013

Ташкентте дзюдодан Әлемдік Гран-при турнирінің қорытынды күні басталды. Ерлер арасында 100 кг дейінгі және +100 кг жоғары салмақ санаттарындағы жеңімпаздар анықталады.

Өкінішке орай, турнир бұл салмақ санаттарында қазақстандық балуандар үшін ерте аяқталды. Адам Богатырев пен Дархан Темірханов (екеуі де – 100 кг дейінгі салмақ санаты) бірінші кездесулерінен әрі аса алмады. Адам Богатырев беларусь балуаны Алан Хунайдан жеңілсе, Дархан Темірханов өзбек дзюдошысы Фахриддин Шәріповқа есе жіберді.

Аса ауыр салмақта жалғыз өнер көрсеткен Сәулет Әбдісалықов та жақсы нәтиже көрсете алмады. Ол бірінші кездесуде украиналық балуан Станислав Бондаренкодан жеңілді.

Осылайша, біздің жігіттер Ташкенттен құр қол қайтатын болды. Ендігі бар үмітіміз қыздарда!

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар