Жаңалықтар

10:45 | 12 тамыз 2019
11 тамыз күні Олимпиаданың күміс жүлдегері, дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының көшбасшысы Елдос Сметов елорданың жас дзюдошыларымен кездесіп, тәжірибесімен бөлісті. Нұр-Сұлтан қаласындағы «B-Platinum» спорт кешенінде ұйымдастырылған даңқты балуанмен кездесуге 50-ге жуық жасөспірім дзюдошы қатысты. Осындай ашық кездесудің көптеп ұйымдастырылып жатқаны қуантады дейді Елдос тілшілерге: - Біздің болашағымыз жастар. Сондықтан, үлкен спортта ұрпақтар сабақтастығы болғаны абзал. Біз бар білгенімізбен жас буынға…
15:00 | 09 тамыз 2019
25 тамыз – 1 қыркүйек аралығында Токиода дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Әлемнің 143 елінен 552 дзюдошысы Токио татамиінде мықтыны анықтайтын болады. Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасы әлем біріншілігіне толық құраммен қатысады. Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаевтың айтуынша, команда әлем чемпионатына қатысуға дайын. «Біз қазіргі таңда Алматы облысында әлем чемпионаты алдындағы оқу- жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Қыздардың дайындығы өте…
14:56 | 08 тамыз 2019
25 тамыз – 1 қыркүйек аралығында Токиода дзюдодан әлем чемпионаты болады. Әлемнің 143 елінен 552 дзюдошысы Токио татамиінде мықтыны анықтайтын болады. Қазақстан ерлер ұлттық құрамасынан әлем біріншілігіне барлығы 11 дзюдошы қатысады. Оның ішінде 9 балуан жекелей сында бақтарын сынаса, 2 спортшы аралас-командалық жарыста қосылады: Елдос Сметов (60 кг) Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) Ерлан Серікжанов (66 кг) Елдос Жұмақанов (66 кг)…
11:11 | 07 тамыз 2019
Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер мен жастар құрамасы Тайпэйде өткен құрлық біріншілігіне қатысып қайтты. Нәтиже көңіл көншіте ме? Кімдерден үміт күттік, қай спортшы өз деңгейінде белдесе алмады? Осындай сұрақтарды команда жаттықтырушыларының бірі, Кәркен Ахметов атындағы республикалық мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (Дзюдо академиясы) маманы Нұрбек Мықтыбековке қойған едік - Нұрбек, кейінгі кезде елде дзюдо спортына деген қызығушылық артып келе жатқандай... - Еліміздің әр түкпірінде…
16:21 | 02 тамыз 2019
Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында спортшылардың дайындығы, алдағы жарыстары, допинг проблемасы мен дзюдодағы жалақы туралы айтты. – Сұхбаттың басында күні кеше Ақтауда өткен Азия кубогын қорытындылай кетсек. Жарыс қалай өтті? – Ұйымдастырылуы жоғары деңгейде болды. Азия дзюдо одағының спорт директоры Дэвид Картер, Азия дзюдо одағының төрешілер комиссиясының мүшесі Мун Ба Е, Орталық Азия елдерінің…

Әлеуметтік желідегі парақшалар