Жаңалықтар
09:55 | 09 қазан 2017
Қазақстанда конфедерация кубогының іріктеу кезеңдері басталды. Дүбірлі додада спорттың 5 түрінен спортшылар бақтарын сынады. Атап айтқанда, спортышалыр бокс, дзюдо, таеквондо, еркін жəне грек рим күрестерінен өзара мықтыны анықтады.
Тараз қаласында өткен іріктеу кезеңінде «D» тобының спортшылары жартылай финалдық жолдама үшін барын салды. Жеребе бойынша «D» тобына Ақмола облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы жəне Алматы қаласының құрама командалары түскен болатын.
Конфедерация…
22:28 | 08 қазан 2017
Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан Гран При турнирі өз мəресіне жетті. Əлемнің 27 елінен 200-ге жуық дзюдошы қатысқан дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс жəне 2 қола медальмен жарысты медаль саны бойынша 5 орынмен аяқтады.
Жарыстың соңғы күнінде +78 келі салмақ дəрежесінде татамиге шыққан Гүлжан Исанова ел намысын абыроймен қорғады. Отандасымыз ширек финалда өзбекстандық Нодира Жуманиязованы, жартылай финалда…
20:08 | 07 қазан 2017
Ташкентте дзюдодан өтіп жатқан əлемдік Гран При турнирінің екінші күнінде қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов жарыс жеңімпазы атанды.
73 келіге дейінгі салмақ дəрежесінде белдескен отандасымыз финалда өзбек балуаны Гиесжан Бобоевты уақытынан бұрын иппонмен жеңіп, ел қоржынына алғашқы алтынды салды.
Жансай Смағұлов ширек финалда ауғанстандық Ришад Ариармудты вазари ұпайымен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Жарытылай финалдық белдесуде Өзбекстан спортшысы Мирзохид Фармановты да…
20:32 | 06 қазан 2017
Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Гран При бәсекесінде 57 келіге дейінгі салмақта белдескен бұрымды балуанымыз Севара Нышанбаева Қазақстан қоржынына екінші медальді салды.
Жарысқа екінші айналымда қосылған Севара Нышанбаева алғашқы қарсыласы Джулия Гаджианоға есе жіберген соң, жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алды.
Бірінші жұбаныш белдесуінде Гонконг спортшысы По Сам Леуингті вазари ұпайымен жеңіп, шешуші белдесуде австриялық Сабрина Филзмосерден басым түсіп, қола медальға ие…
18:58 | 06 қазан 2017
Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Шаратов дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Гран При турнирінде қола жүлдегер атанды.
Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Шаратов дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Гран При турнирінде қола жүлдегер атанды.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Абылайхан Шаратов алғашқы айналымда ауғанстандық Аликозай Зелжайды иппонмен жеңіп жарысты сәтті бастады. Алайда, ширек финалдық белдесуде өзбекстандық Шарафуддин Лутфиллаевқа есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде күш сынауға мүмкіндік…