Жаңалықтар

21:02 | 02 наурыз 2019
Бүгін Атырауда дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты жалауын көтерді. Ел Чемпионатының салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов, Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев, Күрес түрлері бойынша республикалық Олимпиадалық даярлау орталығының директоры Мұратбек Қыпшақбаев, Атырау дзюдо федерациясының президенті Нұрлыбек Ожаев қатысты. Сондай-ақ, жарыстың ашылу салтанатында Буэнос-Айресте өткен…
06:55 | 01 наурыз 2019
Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы Польша астанасы Варшавада өтетін Еуропа Кубогына қатысады. 2-3 наурыз күндері өтетін додада Қазақстан ерлер құрамасынан 10 дзюдошы бағын сынайды. Олар: Нұр Аманшүкіров (-60 кг) Қанат Сейлхан (-60 кг) Сұңғат Жұбатқан (-66 кг) Бақытжан Амангелді (-66 кг) Айболат Ыстыбай (-66 кг) Мади Амангелді (-73 кг) Асылан Сағытбек (-81 кг) Мейрамбек Жаңабай (-90 кг) Арман Қалиев (-100 кг)…
12:58 | 27 ақпан 2019
2-5 наурыз аралығында Атырау қаласында жастар арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді. Атырау татамиінде 400-ден аса жас спортшылар өзара мықтыны анықтайды. Жекелей және командалық Чемпионатқа 1999-2000 жылы туған жастар қатысады. Ел біріншілігінің нәтижесінде халықаралық турнирлер мен Азия, Әлем Чемпионаттарында ел намысын қорғайтын Қазақстан жастар құрамасы жасақталады. Жарыс Атырау қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде өтеді. Жарыс бағдарламасы: 2 наурыз 10:00 – жарыстың…
10:57 | 27 ақпан 2019
Дзюдодан Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Құраманың бас бапкері Ерлан Алпысбаевтың айтуынша, құрама спортшылары жаттығу жиындарында лицензиялық турнирлерге дайындалып жатыр. «Оқу-жаттығу жиындарында қосалқы құрам Еуропа Кубогына дайындалып жатса, негізгі құрам алда болатын Гран При жарысына қызу дайындық жүргізуде. 16 дзюдошы қатысып жатқан жаттығу жиыны ақпанның 28-іне дейін жалғасады. Жаттығу арнайы физикалық дайындық және тактикалық…
14:57 | 26 ақпан 2019
Қазақстандық дзюдошылар Германиядан елге оралды. Дюссельдорф татамиінде өткен «Grand Slam» жарысында құрама сапынан ең жақсы нәтиже көрсеткен Есет Қуанов 7-орынға тұрақтады. 66 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз өзінің алғашқы жарысынан кейінгі әсерімен бөлісті. - Жарысқа дайындығым өте жақсы болды. Ал жоспарым – алтын алу еді, дейді Есет Қуанов, - алғашқы кездесуімде Босния және Герцеговина спортшысы Задро Петермен күресіп, вазари ұпайымен…

Әлеуметтік желідегі парақшалар