Жаңалықтар

07:54 | 12 қараша 2018
9-11 қараша күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан әлемдік Гран При кезеңі өтті. Ташкент татамиінде 47 елден 347 дзюдошы белдесті. 3 күнге созылған жарыста Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 қола жүлдемен жалпы командалық медаль кестесінде 9-орынға тұрақтады. Азия ойындарының жеңімпазы Дидар Хамза 81 келіге дейінгі салмақта жарыста қарсылас шақ келтірмеді. Ол финалда Моңғолия спортшысы Дагвасурен Ниямсуренді голден скорда (қосымша уақытта)…
19:58 | 11 қараша 2018
Ташкентте өтіп жатқан Гран При кезеңінде 100 келіден жоғары салмақта белдескен дзюдошымыз Ерасыл Қажыбаев қола жүлде жеңіп алды. Отандасымыз Ерасыл жұбаныш белдесуінде өзбекстандық Ихтиор Калмуратовты иппонмен жеңді. Осылайша, Қазақстан құрамасы Ташкент Гран Приін 1 алтын, 1 қола жүлдемен аяқтады. Ел қоржынына алтын медальді Дидар Хамза (81 кг) салған болатын.
20:07 | 10 қараша 2018
Ташкентте өтіп жатқан әлемдік Гран При кезеңінде қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза жарыс жеңімпазы атанды. Ол финалдық кезеңде Моңғолия спортшысы Дагвасурен Ниямсуренді голден скорда (қосымша уақытта) ұтты. 81 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз Дидар Хамза аталмыш жарыста қарсылас шақ келтірмеді. Дидар финалға дейін Мехди Фазипорадалды (Иран), Алфонсо Солана Уркюзаны (Испания), Аттила Унгвариді (Венгрия) және Алексиос Нтанацидисті жеңген болатын. Осылайша, Дидар Хамза…
16:21 | 10 қараша 2018
81 келіге дейінгі салмақта күрескен Дидар Хамза Ташкентте өтіп жатқан әлемдік Гран При кезеңінің финалына шықты. Финалда моңғолиялық Дагвасурен Нямсуренмен кездеседі. Дидар финалға дейін Мехди Фазипорадалды (Иран), Алфонсо Солана Уркюзаны (Испания), Аттила Унгвариді (Венгрия) және Алексиос Нтанацидисті жеңді. Финалдық кезең Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Жарысты тікелей эфирде "Qazsport" арнасы көрсетеді.
11:33 | 06 қараша 2018
9-11 қараша күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан Гран При өтеді. Әлемнің 48 елінен 383 спортшы қатысады деп жоспарланған. Аталмыш әлемдік кезеңде Қазақстан намысын 21 дзюдошы қорғайды. Олар: Әйелдер: Галбадрах Отгонцэцэг (-48 кг) Салтанат Сұлтанбекова (-48 кг) Севара Нишанбаева (-57 кг) Анна Казюлина (-57 кг) Иоланта Бердібекова (-63 кг) Аэлита Щербакова (-70 кг) Ажар Салықова (-70 кг) Зарина Райфова (-78…

Әлеуметтік желідегі парақшалар