Жаңалықтар
10:26 | 10 желтоқсан 2019
12-14 желтоқсан күні Циндаода (ҚХР) дзюдодан әлемдік "Masters" турнирі өтеді. Жылдың қорытынды жарысына әлемнің 67 елінен 448 татами шебері қатысады деп жоспарланған. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, жарыс жеңімпаздарына әлем рейтингінде 1800 ұпай, күміс жүлдегерге – 1260 ұпай, ал қола жүлдегерге – 900 ұпайдан қосылады.
Аталған жарыста Қазақстан намысын 9 дзюдошы қорғайды. Олар:
Елдос Сметов (60 кг)
Ғұсман Қырғызбаев (60…
10:35 | 22 қараша 2019
Бүгін Осакада дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі басталды. Жарыстың бірінші күнінде ерлер -60, -66, әйелдер -48, -52 және -57 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынауда.
Өкінішке қарай, бүгін татамиге шыққан барлық қазақстандық дзюдошы қарсыластарына бірінші айналымда есе жіберді.
60 келіге дейінгі салмақта белдескен Рустам Ибраев алғашқы айналымда ресейлік Аюб Блиевтен вазари ұпайымен ұтылды. Ал Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг) болса жапониялық Кога…
09:55 | 18 қараша 2019
17 қараша күні Португалияның Одивелаш қаласында дзюдодан клубтар арасындағы Еуропа лигасы өтті. Аталған сынға қазақстандық Ислам Бозбаев гректің «Арис» клубы сапында татамиге шықты. Нәтижесінде, отандасымыздың командасы жүлделі үшінші орынға ие болды.
Турнирде Франция, Сербия, Портулагия, Грузия, Германия және Грекиядан 6 әйелдер және 11 ерлер командасы сынға түсті. Турнирге әлемнің 22 мемлекетінен жалпы есебі 171 спортшы қатысты.
16:35 | 11 қараша 2019
22-24 қараша күндері Оскада (Жапония) дзюдодан әлемдік «Grand Slam» жарысы өтеді. Дүбірлі додада Қазақстан намысын 10 дзюдошы қорғайды.
Ерлер:
Рустам Ибраев (-60 кг)
Жансай Смағұлов (-73 кг)
Жанболат Багтбергенов (-73 кг)
Руслан Мусаев (-81 кг)
Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг)
Айбек Серікбаев (-100 кг)
Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)
Әйелдер:
Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг)
Севара Нишанбаева (-57 кг)
Зарина Райфова (-78 кг)…
14:42 | 08 қараша 2019
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында «Қазан айының ең үздік спортшысына» дауыс беру аяқталды. Дауыс беру нәтижесі бойынша дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев жеңіске жетті.
Қазан айының үздігі атануға 6 спортшы үміткер болды. Олар: Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо), Элизабет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау), Андрей Чугай (велоспорт), Милана Сафронова (бокс), Дина Исламбекова (бокс) және Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика).
Дауыс беру бүгін, 8 қараша сағат 13:00-де…