Жаңалықтар

18:35 | 28 қыркүйек 2013
Дзюдодан Әлемдік Гран-при турнирде қыздар арасындағы кездесулер аяқталды. 48 кг салмақ санатында өнер көрсеткен және финалға шыққан қазақстандық балуан қыз Александра Подрядова өзінің шешуші кездесуінде ресейлік Кристина Румянцевадан жеңіліп қалды. Кіші финалда израиль қызы Шира Ришониге есе жіберген Айгүл Байқұлова да қоладан құр қалды. Ал 52 кг салмақ санатында қола үшін өткен кездесуде қазақстандық Олеся Куценко бразилия қызы Ракель Сильведен…
18:20 | 28 қыркүйек 2013
Алматыда дзюдодан өткен Әлемдік Гран-при жарысында 66 кг салмақ санатында қазақстандық Елдос Жұмаханов жеңіске жетті! Ол жартылай финалда отандасы Бақдәулет Сәбитовтен басым түссе, алтын үшін шешуші жекпе-жекте беларусь балуаны Дмитрий Шершанды жеңді. Ал Сәбитов кіші финалда командаласы Ғайнулла Есенғалиевпен кездесіп, оны жеңіп шықты. Ал Есенғалиев болса, бұған дейін командаласы Нұрлан Оразалинді жеңген болатын. Міне, осындай командаластар тізбегінің ең соңында Жұмаханов…
17:40 | 28 қыркүйек 2013
Алматыда дзюдодан әлемдік Гран-при өз мәресіне жетті. Шын мәнісінде 60 келі салмақ дәрежесіндегі (ерлер) шешуші жекпе – жек жемісті нәтижелерге толы болды. Жеңіс тұғырына төрт бірдей қазақстандық дзюдошылар жайғасты, олар: Елдос Сметов – алтын, Айбек Имашев– күміс,Асхат Тельмановпен Рустам Ибраев– қола. Финалдық тартыста Сметов (жартылай финалда бразильдік Диего Сантосты қапыда қалдырды) пен Имашев(құрамадағы серіктесі Тельмановтан басым түсті) кездессе, ал «жұбату»…
14:23 | 28 қыркүйек 2013
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дзюдодан Әлемдік Гран-придің алғашқы жарыс күнгі белдесулер жалғасын табуда. Назарларыңызға әйел балуандарымыздың ағымдағы нәтижелерін ұсынамыз. 48 кг.Александра Подрядова финалға өтіп, ресейлік Кристина Румынцевамен (бірінші кіші финалда израильдік Шира Ришонимен қола үшін тартысқа түсетінАйгүл Байқұлеваны жартылай финалда жолын кесті) кездеседі. 52 кг. Бұл салмақ санатында отандық дзюдошылар тек «жұбату» белдесулеріне дейін жете алды. Екі балуан…
13:34 | 28 қыркүйек 2013
Ертуған Төренов (суретте – ақ киімде) әлемдік Гран-придің жартылай финалына жолдама алды. Енді жерлесімізді моңғолиялық Цагаанбаатар Хашбаатармен болатын жекпе-жек күтіп тұр. Өзінің старттық белдесуіндеТөреновРуслан Джаныбек уулунан (Қырғызстан) басым түссе, ал кейінгі белдесуде отандасыДастан Ықыбаевтың(белорустық Вадзим Шоканы жеңді) жауырынын жерге қадады. Алғашқы белдесуінде Қажымұқан Өтеулиевмоңғолдық дзюдошы Одбаяр Ганбаатардан қапыда қалды. Сондай-ақ,Бекзат Манасбаев ширекфиналдық тартыста бұған дейін украиндық Сергей Дреботаны қапыда қалдырған…

Әлеуметтік желідегі парақшалар