Жаңалықтар
16:38 | 28 сәуір 2015
«Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы, дзюдо күресінен еліміздің ұлттық құрама командасының мемлекеттік жаттықтырушысы Байжұманов Ержан Төкенұлын туған күнімен құттықтайды! Ержан Төкенұлы дзюдо күресінің дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Осы адал қызметі үшін алғыс айта отырып, ұжым атынан зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық тілейміз.
14:47 | 27 сәуір 2015
Ерлер құрамасының бас бапкері Ермек Имамбеков 24-30 тамыз аралығына Астанада өткізілетін әлем біріншілігіне дайындық барысы туралы және спортшылардың жетістіктері жайлы сұхбат берді.
- Жыл басынан бері есептегенде ұлттық құраманың қоржынында 6 медаль бар, -дейді Ермек Имамбеков. Гран-при турнирлерінде Рустам Ыбраев (60 келі, қола, Дюссельдорф) пен Дастан Ықыбаев (73 келі, күміс, Тбилиси) және Ислам Бозбаев (90 келі, қола, Самсун) ерекшеленсе, Еуропаның…
11:36 | 27 сәуір 2015
Халықаралық дзюдо федерациясының сайтында (http://www.datastat.si/IJF_media/) Астанада 24-30 тамыз аралығында өткізілетін әлем біріншілігіне журналистерді тіркеу басталды. Жарыс өткізілетін «Алау» мұзайдыны сарайында тілшілер қауымы үшін баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады.
12:07 | 26 сәуір 2015
23-25 сәуір аралығында Алматы қаласында "SportWay Expo, Almaty 2015" көрмесі өткізілді. Көрмеге келушілер әр спорт түрінің жетістіктері мен ерекшеліктерін және болашақ спортшыға тигізер пайдасын көруге мүмкіндік алды. Дзюдо федерациясы атынан көрме барысында әлем біріншілігі туралы ақпараттық ролик көрсетіліп, басқа да мәліметтер ұсынылды және спорт мектебінің дзюдошылары өз өнерлерін ортаға салды. Ал Олимпиада жүлдегері Асхат Жіткеев келушілерге қолтаңбасын беріп, естелік суретке…
10:29 | 24 сәуір 2015
www.kazticket.kz және www.worldjudo2015.kz сайттарында дзюдо күресінен әлем біріншілігіне билеттерді сату басталды. Естеріңізге салайық, дзюдо күресіненәлем біріншілігі Астана қаласында 24-30 тамыз аралығында өткізіледі. Өткізілетін орны: «Алау» мұз айдыны, Есіл ауданы, Қабанбай батыр көшесі 47.
Асығыңыздар, билеттер саны шектеулі!