Жаңалықтар
21:16 | 22 сәуір 2017
Алматы қаласында дзюдодан жастар арасында халықаралық турнир басталды. Қазақстанмен қоса есептегенде 6 елден 500-ге жуық спортшылар қатысып жатыр. «Халық Арена» спорт кешенінде Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекет Махмұтовтың жүлдесіне арналған жастар арасындағы халықаралық турнирің ресми ашылу салтанаты өтті. Халықаралық турнирдің құрметті қонақтары Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов, Азия дзюдо одағының бас хатшысы Мукеш Кумар ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің…
18:28 | 21 сәуір 2017
Бүгін, 21 сәуір күні Алматы қаласы «Халық Арена» спорт кешенінде ҚР Дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекет Махмұтовтың жүлдесіне арналған дзюдодан жастар арасында өтетін халықаралық турниріне байланысты ресми баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясына Азия Дзюдо Одағының (JUA) бас хатшысы Мукеш Кумар мен Азия Дзюдо одағының (JUA) спорт жөніндегі директоры Че Куонг Хон, Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының директоры Абил…
10:12 | 19 сәуір 2017
21-23 сәуір күндері Алматы қаласы «Халық Арена» спорт кешенінде спорт жанашыры, Қазақстан Дзюдо федерациясының Құрметті президенті Махмұтов Бекет Сапабекұлыныңжүлдесіне арналған дзюдодан халықаралық турнир өтеді.
Халықаралық турнирге байланысты БАҚ өкілдерін ресми баспасөз-конференциясына шақырамыз.
Баспасөз-конференциясы 21 сәуір сағат 15:30-да «Халық Арена» спорт кешіненде конференц залында өтеді.
Азия Дзюдо одағының күнтізбесіне сәйкес өткізілгелі отырған дүбірлі додаға шетелден 500-ге жуық спортшылар 8 салмақ дәрежесінде…
00:40 | 16 сәуір 2017
Павлодар қаласында КСРО спорт шебері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Б. Сейсенбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды. Аталмыш турнир 2017 жылы 20-сыншы рет ұйымдастырылды. Халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері келесідей:
48 кг
1. Әйгерім Төреғожина (Қарағанды обл)
2. Назым Альменова (Жамбыл обл.)
3. Динара Искакова (Астана)
3. Дания Тұмарбаева (Алматы обл.)
52 кг
1. Назгүл Елмұратова (ШҚО)
2. Динара Мұссұрман…
15:41 | 13 сәуір 2017
13-16 сәуір күндері Павлодар қаласы «Баянтау» спорт кешенінде дзюдодан КСРО Спорт шебері, Қазақстан Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Батырбек Сейсенбаевты еске алуға арналған ересектер арасында ХХ Халықаралық турнир өтеді. Павлодар облысында дзюдоның негізін қалаушы бірегей ұстаздың құрметіне арналған турнир осымен 20-сыншы рет қатарынан ұйымдастырылмақшы. Турнирге Астана және Алматы қаласы мен Қазақстанның 14 облысының дзюдошылары мен шетелдік жас спортшылар қатысады. Атап айтқанда, Өзбекстан,…

