Жаңалықтар

17:08 | 25 қыркүйек 2017
29 қыркүйек – 1 қазан аралығында Тараз қаласында КСРО спорт шебері Бақытжан Ташметовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтеді. Халықаралық турнирге Қазақстан, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия, Россия, Армения, Моңғолия, Корея елдерінен 2000-2001 жылдары туылған жасөспірімдер қатысады. Аталмыш жарыс Тараз қаласында орналасқан «Тараз Арена» спорт кешенінде өтеді. Турнир күн сайын сағат 10:00-де басталады. Жарыстың ашылу салтанаты 29…
15:48 | 21 қыркүйек 2017
27-29 қыркүйек күндері Ақтөбеде дзюдодан Президент кубогы өтеді. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған Қазақстан Республикасының Президенті кубогында дзюдошылар команда бойынша сынға түседі. Жарысқа 2000 жылға дейінгі туылған ерлер қатыстырылады. Президент кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломмен қатар, қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Жарыс Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт кешенінде өткізіледі.
23:37 | 20 қыркүйек 2017
Бүгін Алматы қаласында спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы дзюдо, бокс, күрес түрлері және таеквондо бойынша 2017 жылғы Әлем чемпионаттарында жеңімпаз танылып, жүлдегер атанған спортшыларға, бапкерлер мен кешенді ғылыми топ мүшелеріне жылдың маңызды додасында ел намысын абыроймен қорғағандары үшін алғыс білдіріп, ақшалай сыйақы табыстады. Марапаттау рәсімін Күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы Данияр Абулғазин және ҚР Мәдениет және…
10:27 | 18 қыркүйек 2017
18-22 қазан күндері Хорватияда дзюдодан жастар арасында Әлем Чемпионаты өтеді. Әлем Чемпионатына Қазақстан жастар құрама командасынан 20 дзюдошы қатысады. Ерлер: 55 кг: Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы) 55 кг: Дамир Болатбеков (Алматы облысы) 60 кг: Мағжан Шамшадин (Қызылорда облысы) 60 кг: Бауыржан Жауынтаев (Қызылорда облысы) 66 кг: Сұңғат Жұбатхан (Маңғыстау облысы) 66 кг: Бауыржан Сағынғалиұлы (Маңғыстау облысы) 73 кг: Мадияр Сембаев…
19:39 | 12 қыркүйек 2017
Бүгін Атырау қаласында дздодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР Чемпионаты өз мәресіне жетті. Екі күн қатарынан өткен байрақты бәсекеде Астана және Алматы қалаларымен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен 250-ге жуық татами шеберлері бақтарын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша, медаль саны жөнінен ШҚО дзюдошылары 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен көш бастап тұр. Алматы облысының дзюдошылары 3 алтын, 1 күміс,…

Әлеуметтік желідегі парақшалар