Жаңалықтар

09:55 | 30 қазан 2017
Бүгін Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Самат Сәбитұлы Жылқыбаевтың туған күні! Қазақстан дзюдо федерациясы Самат Сәбитұлы Жылқыбаевты туған күнімен құттықтайды! Қазақстандағы дзюдоның дамуына өлшеусіз қосқан үлесіңіз үшін алғысымызды білдіре отырып, отбасына амандық, деніне саулық, қызметіне табыс тілейміз!
22:54 | 26 қазан 2017
Бүгін Абу-Дабиде кезекті әлемдік "Grand Slam" турнирі басталды. Әлемнің 47 елінен 300-ге жуық дзюдошылар жиналған дүбірлі додаданың алғашқы күнінде қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг қоланы қоржынға салды. 48 келіге дейінгі салмақта белдескен Отандасымыз Галбадрах Отгонцэцэг жарысқа ширек финалда қосылып, Гулязова Сабинаны вазари ұпайымен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда Ресей спортшысы Ирина Долговаға голден скорда есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде белдесті.…
16:23 | 24 қазан 2017
Бүгін дзюдодан Қазақстан ұлттық қыздар құрамасының бас бапкері Энхбаатар Дашжамцтың туған күні! Бас бапкерді туған күнімен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық тілейміз! Шәкірттеріне артылған үміттің ақталып, елімізде чемпиондарды баптап шығарына сенеміз!
22:35 | 22 қазан 2017
Бүгін Хорватия астанасы Загреб қаласында дзюдодан жастар арасындағы Әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан жастар құрамасы 3 медальмен жарысты 82 ел ішінде 9-орынмен аяқтады. Жалпы медаль саны бойынша Жапония жастары көш бастап тұр (8 алтын, 2 күміс, 4 қола). Екінші орынға Әзірбайжан дзюдошылары жайғасса (2 алтын, 2 күміс, 1 қола), Ресей құрамасының жастары (1 алтын, 2 күміс, 2 қола) үшінші орынға тұрақтады.…
21:39 | 19 қазан 2017
Хорватия астанасы Загребте дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан əлем чемпионатының екінші күнінде қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза қола медальға ие болды. 73 келіге дейінгі салмақ дəрежесінде белдескен балуанымыз алғашқы айналымда румыниялық Лазло Дэвидті, екінші айналымда Сардор Каримовты жеңіп, үшінші айналымда тəжікстандық Эрадж Абдуллаевты вазари ұпайымен жеңді. Ширек финалда Əзірбайжан дзюдошысы Зидаят Хейдаровқа есе жіберіп, жұбаныш белдесуге мүмкіндік алды. Жұбаныш белдесуінде молдавиялық…

Әлеуметтік желідегі парақшалар