Жаңалықтар
19:15 | 17 наурыз 2018
Елдос Сметов Екатеринбургте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде Чемпион атанды. Ол финалда ресейлік Ислам Яшуевті уақытынан бұрын таза жеңді.
Отандасымыз алғашқы айналымда тәжік балуаны Мехрзод Суфиевті, екінші белдесуінде бразилиялық Эрик Такабатені, ал жартылай финалда француз Валиде Хиярды ұтып, жарыс барысында өзіне қарсылас шақ келтірмеді.
15:42 | 17 наурыз 2018
Екатеринбургте өтіп жатқан "Grand Slam" турнирінде Елдос Сметов (60 кг) финалға шықты. Ол жартылай финалда француз Валиде Хиярды жеңді. Финалда ресейлік Ислам Яшуевпен күреседі.
Сондай-ақ, Жансай Смағұлов (73 кг) қола медаль үшін күреседі.
Финал Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.
Тікелей эфирде Qazsport арнасы көрсетеді.
16:02 | 15 наурыз 2018
17-18 наурыз күндері Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан кезекті әлемдік «Үлкен дулыға» жарысы өтеді. Жылдың ең маңызды додаларының бірі саналатын жарысқа қатысты дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасының бас бапкері Айдын Смағұлов пікірін білдірді.
«Екатеринбургте өтетін «Үлкен дулыға» турниріне 60 келіге дейінгі салмақта Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы Елдос Сметов қатысады. Ол аяғындағы ауыр жарақатына байланысты көптеген жарысқа қатыспады. Биылғы…
11:02 | 14 наурыз 2018
17-18 наурыз күндері Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» турнирі өтеді. Аталмыш турнирге Қазақстан құрамасынан 12 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Олар:
Ерлер
1.Елдос Сметов (60 кг)
2.Ғұмар Қырғызбаев(66 кг)
3.Жансай Смағұлов (73 кг)
4.Бекжан Абдуалиев (81 кг)
5.Әділет Миссин (90 кг)
Әйелдер
1.Әйгерім Төреғожина(48 кг)
2.Севара Нышанбаева(57 кг)
3.Назгүл Құбашева (63 кг)
4.Ділбар Өміралиева(63 кг)
5.Зере Бектасқызы(70 кг)
6.Альбина…
12:28 | 12 наурыз 2018
Бүгін Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Агадирде өткен әлемдік Гран При кезеңінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. Жарыс қорытындысы бойынша жаңартылған рейтингте аталмыш турнирде жеңімпаз және жүлдегер атанған қазақстандық дзюдошылар рейтингте жоғары көтерілген.
Атап айтқанда, Гран При Чемпионы Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) 9-орыннан 7-орынға, күміс жүлдегер атанған Ерлан Серікжанов (66 кг) 85-орыннан 48-орынға, ал Агадирде қола жүлдеге ие болған Бекәділ Шаймерденов (73…