Жаңалықтар
13:13 | 29 тамыз 2018
Дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Елдос Сметов Джакартада ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Olympic.kz.
Бірінші айналымда қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Елдос екінші кездесуде Солтүстік Корея балуанынан ескрету санымен ұтылған болатын.
Осы жекпе-жектен соң Елдос Сметовті ауруханаға алып кетті.
«Жаңа ғана Елдосты жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Рентгеннен өткізеді. Екінші белдесу кезінде жарақат алған. Оң жақ қабырғасы сынды деген болжам бар», - дейді…
19:52 | 28 тамыз 2018
Бүгін Джакартада дзюдо бойынша Азия ойындарының жеребесі тартылды. Ертең, жарыстың бірінші күнінде татамиге 4 салмақ бойынша балуандар белдеседі. Ерлер: -60 кг, -66 кг; әйелдер: -48 кг, -52 кг;
Елдос Сметовтың (-60 кг) алғашқы қарсыласы индонезиялық Мохаммед Лювис. Оны жеңсе отандасымыз Отар Бестаев (Қырғызстан)\Йонг Джае Ан (Солтүстік Корея) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал Елдос Жұмақанов (-66 кг) болса жарысқа екінші айналымнан қосылады.…
12:30 | 27 тамыз 2018
Қазақстандық дзюдошылар Бекарыс Сәдақас пен Маргарита Гриценко Буэнос Айресте өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады.
Бекарыс Сәдуақас 100 келіге дейінгі, ал Маргарита Гриценко 78 келіге дейінгі салмақта бақ сынайды. Айта кетерлігі, қазақстандық қос дзюдошы да халықаралық дзюдо федерациясының жасөспірімдер Олимпиада рейтингінде ең жоғары ұпаймен өз салмақтарында көш бастап тұр.
ІІІ Жасөспірімдер Олимпиадасы 6-18 қазан күндері Аргентина астанасы Буэнос Айресте өтеді.
22:59 | 18 тамыз 2018
Бүгін Белоруссия астанасы Минск қаласында дзюдодан ашық Еуропа кубогы басталды. Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық дзюдошылар Отгонцэцэг Галбадрах алтын, Есет Қуанов күміс жүлде еншілеп, ел қоржынына екі медаль салды.
48 келіге дейінгі салмақта белдескен бұрымды балуанамыз Отгонцэцэг Галбадрах қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Ол финалда ресейлік дзюдошы Татьяна Аякинадан басым түсті.
Ал, ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақта күрескен Есет…
10:39 | 15 тамыз 2018
18-19 тамыз күндері Белорусияның Минск қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогы өтеді. Оған Қазақстан құрамасынан 27 дзюдошы қатысады:
Ерлер:
Қанат Сейілхан (60 кг)
Ержан Еренқайыпов (60 кг)
Рамазан Мамаев (60 кг)
Қайрат Ағыбаев (66 кг)
Есет Қуанов (66 кг)
Мадияр Сембаев (73 кг)
Ақылбек Серік (73 кг)
Руслан Мұсаев (81 кг)
Бейбіт Мадиев (81 кг)
Дәулетхан Жақыпов (90…