Жаңалықтар

20:07 | 14 қараша 2018
Астана қаласында «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан Қазақстан Чемпионатының екінші күні өз мәресіне жетті. Жарыстың екінші күнінде дзюдошылар 5 салмақ бойынша белдесті. Әйелдер -57 кг, -63 кг, -70 кг, ерлер -73 кг -81 кг салмақ дәрежелерінде үздіктерді анықтады. Сондай-ақ, бүгін дзюдодан Қазақстан Чемпионаты барысында Әлем чемпионы Максим Раков пен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов ҚР Ұлттық Олимпиадылқ комитететінің құрмет грамотасымен…
20:43 | 13 қараша 2018
Бүгін Астана қаласында «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров пен ҚР Мәдениет және Спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты. Чемпионаттың ашылу салтанатында Қазақстан Дзюдо федерациясының Президенті Қайрат Қожамжаров Азия ойындарының чемпионы Дидар Хамзаның жеке бапкері, әкесі Марат Файзиев пен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжановтың жеке бапкері Айдар Қайырбаевты…
12:11 | 13 қараша 2018
Бүгін, 13 қараша Астанада қаласында «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты басталды. Чемпионатқа еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 437 дзюдошы жатыр. Оның ішінде халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшылар, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев, жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Жанболат Бағтбергенов пен Бауыржан Нарбаев, Гран При кезеңдерінің жеңімпазы…
07:54 | 12 қараша 2018
9-11 қараша күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан әлемдік Гран При кезеңі өтті. Ташкент татамиінде 47 елден 347 дзюдошы белдесті. 3 күнге созылған жарыста Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 қола жүлдемен жалпы командалық медаль кестесінде 9-орынға тұрақтады. Азия ойындарының жеңімпазы Дидар Хамза 81 келіге дейінгі салмақта жарыста қарсылас шақ келтірмеді. Ол финалда Моңғолия спортшысы Дагвасурен Ниямсуренді голден скорда (қосымша уақытта)…
19:58 | 11 қараша 2018
Ташкентте өтіп жатқан Гран При кезеңінде 100 келіден жоғары салмақта белдескен дзюдошымыз Ерасыл Қажыбаев қола жүлде жеңіп алды. Отандасымыз Ерасыл жұбаныш белдесуінде өзбекстандық Ихтиор Калмуратовты иппонмен жеңді. Осылайша, Қазақстан құрамасы Ташкент Гран Приін 1 алтын, 1 қола жүлдемен аяқтады. Ел қоржынына алтын медальді Дидар Хамза (81 кг) салған болатын.

Әлеуметтік желідегі парақшалар