Жаңалықтар

18:32 | 01 ақпан 2019
2-3 ақпан күндері Болгарияның София қаласында дзюдодан әйелдер арасында Еуропа ашық кубогы өтеді. Екі күнге жоспарланған жарысқа 28 елден 177 дзюдошы қатыспақ. Ал Қазақстан құрама командасынан 14 дзюдошы бақ сынайды. Олар: Ақмарал Науатбек (-48 кг) Салтанат Сұлтанбекова (-48 кг) Ақжол Қайыпхан (-52 кг) Гүлназт Нұрдинова (-57 кг) Иоланта Бердібекова (-63 кг) Назгүл Құбашева (-63 кг) Кристина Сотникова (-63 кг) Ділдәш…
17:50 | 30 қаңтар 2019
Дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрама командасы Парижде өтетін «Grand Slam» турниріне қатысады. Ақпанның 9-10 күндері өтетін додаға әлемнің 100 елінен 633 спортшы қатысады деп жоспарланған. Париж татамиінде Қазақстан намысын 15 дзюдошы қорғайды. Ерлер: Елдос Сметов (-60 кг) Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг) Ерлан Серікжанов (-66 кг) Әбілхайыр Мәуленин (-66 кг) Ақылбек Серік (-73 кг) Жансай Смағұлов (-73 кг) Дидар Хамза (-81 кг)…
16:57 | 28 қаңтар 2019
25-29 қыркүйек күндері Алматы қаласында дзюдодан жасөспірімдер (кадет) арасында дзюдодан Әлем Чемпионаты өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өтетін Әлем біріншілігінде 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер 16 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. -Осындай маңызды жарысты Қазақстанда өткізуге сеніп тапсырғандары үшін Халықаралық дзюдо федерациясына алғыс айтамыз. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан дзюдодан әлемдік аренада өзіндік орнын қалыптастырған беделді ел болып саналады. Осыған дейін ересектер арасында…
17:23 | 25 қаңтар 2019
ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің шешімен дзюдодан Қазақстан ұлттық әйелдер құрама командасының бас бапкері ауысты. 2019 жылдан бастап дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасын бас бапкер ретінде Ерлан Серікұлы Алпысбаев баптайды. Ал 2018-2019 жылдары бас бапкер қызметін атқарған Марат Данайбаев әйелдер құрама командасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарады. Ерлан Алпысбаев – дзюдодан біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы. 2017 жылдан…
10:11 | 24 қаңтар 2019
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрама командасы қазіргі таңда Жапонияның Токио қаласында халықаралық оқу-жаттығу жиындарына қатысуда. 1 ақпанға дейін жалғасатын оқу-жаттығу жиындарында Отгонцэцэг Галбадрах, Абиба Абужақынова, Әйгерім Әбілқадірова, Севара Нишанбаева, Анна Казюлина, Ақниет Тұрдан, Аэлита Щербекова, Мөлдір Нарынова, Зарина Райфова, Назерке Тлеуханова, Меруерт Сәрсенова сынды бұрымды балуандаар шеберліктерін шыңдап жатыр.

Әлеуметтік желідегі парақшалар