Жаңалықтар

18:43 | 23 қаңтар 2020
Тель-Авивте (Израиль) өтіп жатқан Гран При бәсекесінде қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов финалға шықты. 66 келіге дейінгі салмақта белдескен ол жартылай финалда Барух Шмаиловті вазари ұпайымен ұтты. Оның финалдағы қарсыласы - Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ан Баул (Оңтүстік Корея) Отандасымыз Ерлан жартылай финалға дейін іріктеу кезеңінде Ярин Менегед (Израиль), Мурад Шопанов (Ресей), Орхан Сафаровты (Әзірбайжан) жеңген болатын. Дәл осы салмақта тағы…
20:17 | 22 қаңтар 2020
Бүгін, 22 қаңтар күні Израильдің Тель-Авив қаласында дзюдодан әлемдік Гран При турнирінің жеребесі тартылды. Нәтижесінде, қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды. 60 кг Ғұсман Қырғызбаев/Давлатали Назаралиев (Тәжікстан) Мағжан Шамшадин/Алон Ахарон (Израиль) 66 кг Елдос Жұмақанов - Реда Седдоуки (Франция)/Андрей Клоков (Литва) жұбының жеңімпазы Ерлан Серікжанов - Шуген Накано (Филиппин)/Ярин Менежед (Израиль) жұбының жеңімпазы 73 кг Ақылбек Серік/Виктор Стерпу (Молдова) Жансай…
09:59 | 16 қаңтар 2020
23-25 қаңтар күндері Тель-Авивте (Израиль) дзюдодан әлемдік Гран При кезеңі өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесі бойынша лицензиялық Гран При жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай сандары қосылады. Жеңімпаз 700 ұпайға ие болса, екінші орын алған спортшы - 490, үшінші орын иегеріне 350 ұпайдан беріледі. Жылдың алғашқы додасына әлемнің 88 елінен 623 дзюдошысы жиналады деп жоспарлануда. Аталған бәсекеде Қазақстан…
16:33 | 14 қаңтар 2020
Дзюдодан 2020 жылы өтетін Қазақстан Республикасының чемпионаттарының өтетін мерзімдері белгіленді. Биыл күнтізбе бойынша барлығы 6 ел біріншілігі, атап айтқанда: -2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 6-11 ақпан күндерің Қостанай қаласында; -2000-2002 жылдары туған жастар арасындағы Қазақстан Чемпионаты 4-9 наурыз күндері Тараз қаласында; -23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер (өтпелі) арасындағы Қазақстан Республикасының ашық Чемпионаты 27-30 наурыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында;…
11:07 | 13 қаңтар 2020
11-12 қаңтар күндері Дохада Халықаралық дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған семинар өтті. Халықаралық шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 293 маман жиналды. Аталған шараға Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев, федерацияның рефери директоры Мухсин Нұртазин, төрешілер Данияр Айтымбетов, Жандос Қиянов, Қайрат Төленов пен Денис Амелин қатысты.

Әлеуметтік желідегі парақшалар