Жаңалықтар
14:49 | 06 қазан 2013
                
                
	Ташкентте  дзюдодан  Әлемдік Гран-при  турнирінің қорытынды күні басталды.  Ерлер  арасында   100 кг  дейінгі  және  +100 кг  жоғары салмақ санаттарындағы  жеңімпаздар  анықталады.
	  Өкінішке орай,  турнир  бұл салмақ  санаттарында қазақстандық балуандар үшін  ерте аяқталды. Адам Богатырев пен  Дархан Темірханов  (екеуі де  – 100 кг дейінгі салмақ санаты)  бірінші кездесулерінен   әрі аса алмады.  Адам Богатырев  беларусь балуаны Алан Хунайдан  жеңілсе,  Дархан  Темірханов  өзбек…
                    
                19:27 | 05 қазан 2013
                
                
	 Ташкентте өткен  дзюдодан Әлемдік Гран-при турнирінің  әйелдер  арасындағы  екінші жарыс күні  аяқталды  (70 кг).
	 Бұл  салмақ санатында  Қазақстан  құрамасынан  атынан  Динара Кударова мен Зәмзәгүл  Файзолланова   өнер көрсетті.  Екеуі  де қарсыластары Гульноза Матниязова (Өзбекстан)  мен Лиор Вилдиканнан (Израиль) жеңіліп қалып,  «жұбаныш» кездесуін  қанағат тұтты.  Онда Файзолланованың жолы  болып, ол  Виктория  Оздаеваны (Өзбекстан)  жеңді, бірақ кіші финалда  Гульноза  Матниязовадан (Өзбекстан)  жеңіліп қалды.…
                    
                18:54 | 05 қазан 2013
                
                
	 Ташукенттегі  Гран-при турнирінде Назгүл  Кубашеваның (57 кг)  ізін ала  Мариан  Ордабаева (63 кг)   құрама қоржынына екінші қоланы салды.  Мариан   жартылай финалда американдық  Ханна  Мартиннен  жеңіліп қалып,   «автоматты түрде»  кіші финалға  өтті.  Онда  қазақстандық дзюдошы   өз  мүмкіндігін  жібермеген жоқ:  үнді қызы  Гарима  Чаудариді  жеңді.
	 Кіріспе кездесулерде  Ордабаева  өзбек қызы  Ровияжон  Курбанова мен  бразилиялық  Марина Сильваны жеңген болатын.
	 Ал осы салмақта өнер…
                    
                18:32 | 05 қазан 2013
                
                
	 Қазақстандық  дзюдошы қыз Назгүл Кубашева (57 кг)  Ташкентте  дзюдодан өткен   Әлемдік Гран-при турнирінде  қола медаль  жеңіп алды.
	 Лицензиялық  турнирдің  екінші жарыс күні   біздің Назгүлдің  алаң иесі  Шахноз   Окбутаеваны  жеңуінен басталды.  Бірақ  келесі кездесуде біздің қыз   хорват дзюдошысы Андреа Бекичтен  жеңіліп қалып,  «жұбаныш кездесуіне»  өтті. Онда  Назгүл өзбек  қызы Махлия Манонованы жеңсе,  кіші финалда  Израиль қызы  Камила  Минакаваны жеңді.
                    
                15:34 | 05 қазан 2013
                
                
	 Ташкентте   өтіп жатқан дзюдодан  әлемдік Гран-при турнирінің екінші жарыс күні  де  бізге жеңіс әкелмеді.  Ерлер арасындағы  қорытынды  нәтижелерді   назарларыңызға ұсынамыз.
	 81 кг  дейінгі салмақ  санатында  Қазақстан  құрамасының атынан  Батыр Мұқатаев пен Азамат Қыпшақбаев өнер  көрсетті.  Өкінішке орай,  екі спортшы да  бірінші кездесулерінде   жеңіліп  қалды.  Батыр Мұқанов  өзбек балуаны Шухротжон  Арслановқа  есе жіберсе,  Азамат Қыпшақбаев  австриялық  Марсель Оттодан  аса  алмай  қалды.…