Жаңалықтар

14:03 | 24 қазан 2013
Словенияның Любляна қаласында кеше, 23 қазанда дзюдодан жастар арасындағы әлем біріншілігі жалауын желбіретті. Дүбірлі додаға жол тартқан қазақ балуандарының барлығы ел біріншілігінен топ жарғандар. 23-27 қазан аралығында өтетін бәсекеге төрткүл дүниенің дарынды балуандары қатысуда. Бірінші күннің тартысында қазақ өрендерінен Жақсылық Мұсырманов және Асылжан Сейдуәлі (55 кг),Мейірлан Баймағамбетов (60 кг),Еңлік Сатыбалды (44 кг) және Айгүл Байқұловалар (48 кг) бақтарын сынады. Айгүл…
12:49 | 23 қазан 2013
Бүгін Люблянада (Словения) мықтылар бағын сынайтын дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты шымылдығын түреді. Байрақты бәсекенің боз кілеміне көтерілетін балуандарымызға ақ жол тілейміз! Әлемдік біріншілікке 75 елдің 610 жас спортшысымен қоса, Нұрбол Сүлейменов пен Жанат Нұртазина жетекшілік ететін Қазақстанның жастар құрамасы да ат салыспақ. Біздің балуандардың алғашқы белдесудегі қарсыластары нақтыланды. ҚР Дзюдо федерациясы оқырмандар назарына қазақ балуандарына қарсы тұратын жұптардың тізімін…
11:17 | 23 қазан 2013
23-27 қазан аралығында Словенияның Любляна қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Аталған дүниежүзілік додада әлемнің 75 мемлекетінен 610 дзюдошы бақ сынайды деп күтілуде. Оның ішінде Нұрбол Сүлейменов пен Жанат Нұртазина жаттықтыратын дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы да бар. 15 пен 21 жас аралығындағы талантты дзюдошылар тартысы бес күнге созылады. Кеше Любланада әлем чемпионатының жеребесі тартылып, жас спортшыларымыздың алғашқы айналымдағы қарсыластары…
11:56 | 21 қазан 2013
18-19 қазанда Өскеменде ССРО спортшебері, республикалық жарыстардың жүлдегері Марат Шегеев тіеске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Екі күнге жалғасқан турнирге Азия мен ТМД елдерінің 179 балуаны (45 нәзік жандылар мен 134 дзюдошы) қатысып, боз кілемнің шырайын аша түсті. Еске алу сайысында бірінші орынға ие болған дзюдошыларға Қазақстан Республикасының спорт шебері атағы үлестірілді. Дода жеңімпаздары: Ерлер: Мағауинов Ержан (60 кг) Қанапиянов…
10:13 | 18 қазан 2013
25-26 қазан аралығында Теміртауда 17 жасқа дейінгі бозбалалар мен қыздар арасында дзюдодан «Магнитка алаулары» 13-ші халықаралық турнирі өтеді. Жарыс Қазақстан Республикасына еңбегін сіңірген жаттықтырушы А.Айдархановты еске алуға арналады. Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Грузия және Грекия дзюдошыларының басын қосатын турнирге , сондай-ақ тәжік балуандары да қатыспақ. 2002 жылы «Магнитка алаулары» ресми түрде республикалық додалар күнтізбесіне енгізілді. Халықаралық турнир жас…

Әлеуметтік желідегі парақшалар