Жаңалықтар

03:24 | 09 қараша 2013
15-19 қараша аралығында Өскеменде дзюдодан Қазақстан чемпионаты жалауын желбіретеді. Ел біріншілігінің әйелдер арасындағы басты фавориті - 48 кг салмақтағы Александра Подрядова. Шымкенттік дзюдошы confederation.kz порталына берген сұхбатында алдағы форумға дайындығы жайлы, біріншіліктің бас жүлдесінен үмітті екендігін және алдағы жылдың жоспарларымен бөліскен еді. - Сәлеметсіз бе, Саша! Өскемендегі дода алдындағы көңіл-күйіңізбен бөлісе кетсеңіз? - Сәлеметсіз бе! Аздап тұмауратқаным болмаса, байрақты бәсеке…
09:20 | 07 қараша 2013
Қарашаның 15 мен 20 аралығында Өскемен қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан біріншілігі өтеді. Өскемендегі жаңадан салынған спорт кешенінде еліміздің әр аймағынан жиналған жалпы есебі 650-ге жуық дзюдошы бақ сынайды. Чемпионатқа қатысатын командалардың нақты құрамы келесі аптада анықталады. Бір айта кетерлігі, дзюдодан Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы Өскемендегі біріншілікке толық құраммен қатысады. Біріншілікке қатысатын командалар 2012 жылы өткен дзюдодан…
09:11 | 07 қараша 2013
15-19 қараша аралығында Өскеменде ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 650 –ге тарта спортшы қатысады, ал дода Өскемендегі жаңа жекпе-жектер сарайында өтеді, деп хабарлады ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен. Қатысушылардың нақтыланған құрамы келесі аптада расталады, бірақ ерлер мен әйелдер ұлттық құрама жарысқа толық дерлік құрамда қатысатыны қазірден анық. Естеріңізге сала кетейік, командалар жарысқа 2012…
14:52 | 06 қараша 2013
Қырғызстанда қазақ дзюдошыларының қатысуымен дзюдодан «Хан Манас» кубогының бәйгесі үшін IV халықаралық турнир мәресіне жетті. Тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша қазақстандық құрама - бірінші орынды, екінші орынды - қырғыз балуандары, ал жеңіс тұғырының төменгі сатысына Тәжікстан дзюдошылары жайғасты. Халықаралық біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері: Бозбалалар: 50 кг 1. Сағынбай улы Баяман –Мухаммед-Умар СК, Қырғызстан 2. Аманұлы Дәулет – ШҚО, Қазақстан 3. Бекесов…
12:12 | 05 қараша 2013
2014 жылы Астанада «Дзюдодан әлемдік Гран-При» турнирі өтеді. Бұл туралы Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы мен Дзюдо федерациясының бірлескен отырысында мәлім етілді. Турнир үшін Қазақстанның елордасы кездейсоқ таңдалып отырған жоқ. Атап айтқанда, 2015 жылы Астанада дзюдодан әлем чемпионатын өткізу жоспарлануда, сондықтан да «Әлемдік Гран-при» турнирі осынау біріншілікке дайындық болмақ. Бірлескен отырыста сондай-ақ 2013 жылдың қорытындысы шығарылды. Атап…

Әлеуметтік желідегі парақшалар