Жаңалықтар

10:18 | 05 мамыр 2014
Шараға 30 – ға жуық бапкекр қатысты. Сабақты ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы,профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Шепетюк М.Н. және ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері Айдын Смағұлов пен Асхат Жіткеев өткізді.
10:41 | 04 мамыр 2014
2014 жылдың 2-3 мамыр аралығында Астана қаласында мектеп және колледж оқушылары арасында VII жазғы спартакиада аясында дзюдодан турнир өткізілді. Жарысқа еліміздің аймақтарынан 10 –нан астам команда қатысты. 200- ге жуық дзюдошы 8 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Командалық есепте ұлдар арасында Астана қаласы бірінші, Атырау облысы екінші және Қызылорда облысы спортшылары үшінші орын алды. Қыздар арасында Жамбыл облысы бірінші, Қызылорда…
10:05 | 04 мамыр 2014
Бакуде 7-11 мамыр аралығында өтетін «Grand Slam» халықаралық турнирінде еліміздің намысын қорғайтын дзюдошылар тізімі төменде. Ерлер құрамасы: Имашев Айбек (60 келі) Кырғызбаев Ғұмар (60 келі) Жұмаханов Елдос (66 келі) Смағұлов Жансай (66 келі) Махамбетов Арман (73 келі) Манасбаев Бекзат (73 келі) Қалқаманов Азиз (81 келі) Мисин Әділет (81 келі) Айтбек Айбол (90 келі) Болат Тимур (90 келі) Раков Максим (100…
09:47 | 03 мамыр 2014
Дзюдодан қазақ құрамасы Баку қаласында (Әзірбайжан) өтетін «Grand Slam» халықаралық турнирі қарсаңында Алматыда оқу-жаттығу өткізіп жатыр. Жаттығу барысында бас бапкер Ермек Имамбеков алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті: «Біз Бакуде өтетін турнирге 6 салмақ дәрежесі бойынша қатысатын боламыз. Содан кейін Түркияда жаттығу өткіземіз. Аталмыш мемлекетке 30 елден спортшылар келелді деп жоспарланып отыр. Өзімізге пайдалы тәжірибе жинақтаймыз деген ойдамын».
19:38 | 21 сәуір 2014
Павлодар қаласында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Батырбек Сейсенбаевты еске алуға арналған турнир өткізілді. Оған еліміздің барлық өңірлерінен және Қырғызстаннан келген жалпы саны 30 команда қатысты. Спорт додасы барысында 420 дзюдошы бақ сынады. Жарыс қорытындысы сайттың «нәтижелер» бөлімінде.

Әлеуметтік желідегі парақшалар