Жаңалықтар
11:38 | 12 ақпан 2014
2014 жылдың 15 – 16 ақпаны аралығында Римде дзюдодан «Еуропаның ашық Кубогы» халықаралық турнирі өткізіледі. Айтулы спорт додасында ел намысын Қазақстанның әйелдер құрама командасы қорғайтын болады. Қазір спортшылар Римде дайынық үстінде. Жарысқа қатысушыларды тіркеу және жеребе тарту рәсімі 14 ақпанда басталмақ.
Команда құрамы:
Байқұлова Айгүл
Александра Подрядова
Мариан Урдабаева
Динара Құдарова
Альбина Амангелдиева
13:32 | 10 ақпан 2014
Атырауда 2014 жылдың 6-10 ақпаны аралығында 1997 - 1998 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен дзюдодан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Оған еліміздің 14 облысы және Астана мен Алматы қалаларының 600-ге жуық спортшылары қатысты.
Жарыс жеңімпаздары (ұлдар):
46 келіге дейінгі с/д жеңімпаз - Әбілдә Б. (Қызылорда облысы)
50 келіге дейінгі с/д жеңімпаз - Омар Ж. (Қарағанды облысы)
55 келіге дейінгі с/д жеңімпаз…
19:17 | 07 ақпан 2014
2014 жылдың 7 ақпанында жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының ашылу салтанатында «Дзюдо федерациясы» РҚБ атқарушы директоры Жылқыбаев Самат Сәбитұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, Атырау облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Раушанов Асан Сайынұлына аймақтағы дзюдоның дамуына үлесін қосқаны үшін алғыс хат табыс етті және федерация атынан «Атырау облысындағы дзюдо күресі федерациясы» ҚБ татамиді сыйға тартты.
18:08 | 06 ақпан 2014
2014 жылдың 3-6 ақпаны аралығында Атырау мен Орал қаласында дзюдодан жаттықтырушылар курсы өткізілді. Шара барысында профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шепетюк М.Н., «Күрестегі техникалық әрекеттерге үйрету әдісі» және «Күрескерлерді көп жылдық дайындаудың жалпы құрылымы» тақырыптарында дәріс оқыды.
Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шеберлері Жіткеев Асхат пен Смағұлов Айдын тәжірибе түрінде сабақ өткізді, ал халықаралық дәрежедегі төреші Дидар Орынбасаров дзюдо…
12:54 | 06 ақпан 2014
2014 жылдың 6-10 ақпаны аралығында Атырау қаласында жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өткізіледі. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан спортшылар қатысады. Жеребе тарту бүгін өткізіледі, ал жарыс ертең басталады.