Жаңалықтар

19:29 | 10 қаңтар 2023
Франциялық аңыз дзюдошы Тедди Ринер Қазақстанда оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Дзюдодан Қазақстан ерлер және әйелдер ұлттық құрама командалары жаңа маусымды бастады. Жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиындарын қос құрама Алматы қаласы және Алматы облысында өткізіп жатыр. Аталған жаттығу жиыны Франция дзюдо федерациясымен бірлескен оқу-жаттығу жиыны болып саналады. Отандық дзюдошылардың шеберлігін шыңдау және тәжірибе алмасу мақсатында үш дүркін Олимпиада чемпионы, 11 дүркін әлем…
17:25 | 02 желтоқсан 2022
2 желтоқсан күні Астанада Қазақстан дзюдо федерациясының кезекті конференциясы өтті. Шарада осы спорттың бір жылғы жұмысы қорытындыланып, саланың аймақтағы жай-күйі мен дамуы барысы туралы есеп тыңдалды. Конференция барысында Қазақстан дзюдо федерациясының президенті лауазымына «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасыҚуанышбек Есекеев сайланды. Жиынға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат…
20:36 | 28 қараша 2022
Алматыда дзюдодан жаттықтырушыларға арналған семинар өз мәресіне жетті. Алматыда Дзюдо академиясының базасында франциялық маман Стефан Треноттың жетекшілігімен жаттықтырушыларға арналған біліктілікті арттыру семинары өтті. Мастер классқа Қазақстанның барлық 20 облысынан 95 жаттықтырушы қатысты. Семинарда балаларды, жастарды және жасөспірімдерді жаттықтыру, жас ерекшеліктеріне қарай физикалық дайындау түрлері бойынша қамтылады. Спортты қолдау «Sport Qory» шараның ресми бас серіктесі болып табылады.
20:09 | 18 қараша 2022
Атырауда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде аралас-командалық бәсеке бойынша үздіктер анықталды. Қазақстанның аралас-командалық чемпионатына барлығы 18 команда қатысты. Нәтижесінде Жетісу құрамасы үздік атанды. Финалда қарсыласына жол берген Маңғыстау облысы күмісті місе тұтса, Алматы облысы мен Атырау құрама командалары үшінші орынды өзара бөліп алды. 2022 жылғы Қазақстан чемпионатының жекелей сындары бойынша Астана, Алматы және Шымкент…
19:27 | 06 қазан 2022
Елдос Сметов Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпонатында Қазақстан қоржынына екінші қола медальді салды. Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жұбаныш финалында өзбекстандық Дильшотбек Баратовты қосымша уақытта вазари ұпйымен жеңді. Елдос Сметов әлем чемпионатын жеребеге сәйкес екінші айналымнан бастады. Ол алғашқы қарсыласы әзірбайжандық Карамат Хусейновты ұтып, екінщі кездесуінде Израиль спортшысы Матан Коколаевтан басым түсті. Ширек финалда Олимпиада ойындарының…

Әлеуметтік желідегі парақшалар